Күйзелістен 2 минутта қалай құтылуға болады

Күйзелістен 2 минутта қалай құтылуға болады
Фото: naked-science.ru

АҚШ-тағы Интегралды медицина орталығының директоры Эндрю Вайль күйзелістен арылудың жолын ұсынды.

Бұл үшін жаттығуды 4-7-8 деген кодпен белгілеп алып орындаймыз. «4-ке дейін санап отырып, ауаны мұрын арқылы ішке тартамыз.

Сосын 7 секунд дем алмаймыз. Артынша 8 секунд бойы сол ауаны сыртқа шығарамыз», - деп түсіндірді дәрігер.

Вайльдің айтуынша, дем алмай тұрған кезде қандағы көмірқышқыл газ артып, тамырлар мен жүйке жүйесі босаңсиды. 

Біз кейде бұл жаттығуды өзіміз қалай орындағанымызды білмей қалады екенбіз. Мысалы, бұл көбіне жұмыстан соң шытырман оқиғалы фильмді көргеннен кейін болады.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы