Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Ой саларлық үш оқиға

Ой саларлық үш оқиға

Ой саларлық үш оқиға

Такси жүргізушісі қаладағы ең бай миллиионерді жеткізіп салады. Жеткен соң миллионер жолақысын артық та қылмай, кем де қылмай төлейді. Бұған таң қалған жүргізуші:

- Кеше мен сіздің ұлыңызды жеткізіп салған едім, ол маған шәй-пұлыңыз деп 100 доллар қалдырып кетті. Ал сіз...

- Енді сізге не керек: оның әкесі – миллионер, ал менің әкем жоқ... Жетіммін!

Бұдан не түйеміз? Ақшаны адал еңбекпен тапқан адам ғана қадірін біледі.

*****

Бір күні ферма қожайыны тышқанға қақпан құрып қояды. Мұны тышқан байқап қалып, не істерін білмей тауыққа, қойға және сиырға келіп айтады. Бірақ олар тышқанға бейжай қарап: «Қақпан саған арналған. Демек ол сенің шаруаң! Бізге оның түкке де қатысы жоқ» деп шығарып салады.

Біраз уақыт өткен соң сол қақпанға ферма қожайынының әйелін шағып алған жылан барып түседі. Күйеуі әйелін емдеу үшін оған тауықты сойып, сорпа жасап береді. Оның хал-жағдайын сұрап келген қонақтарына ас ұсыну үшін қойды сойып, тамақ жасатады. Әйелі жылан уынан шыдай алмай көз жұмады. Одан соң қожайын жерлеуге келгендерге тамақ беру үшін сиырды сояды.

Мұның бәрін қабырғаның тесігін бақылап тұрған тышқан ешкімге қатысы жоқ шаруа жайлы ойлап тұрды...

Бұдан не түйеміз? Егер сізге қандай да бір жағдай тікелей қатысты болмаса да, табан астында ойламаған жерден келіп сол жағдай аяғыңыздан шалуы әбден мүмкін.

*****

Ағаш басында отырған бүркітке кішкентай қоян келіп:

- Мен де сен сияқты түк істемей, жай демалып отырсам бола ма? – дейді.

- Әрине, болады. Неге болмасын? Отыра бер! – деп жауап береді бүркіт.

Қоян ағаштың түбіне барып отырған сол еді, артынан түлкі шығып оны жеп қоя салды.

Бұдан не түйеміз? Ештеңе істемей, жай ғана демалып отыру үшін сіздің орныңыз жоғарыда ғана болуы керек!

Сурет: kinofilms.ua

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 05 сәуір 2015, 12:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->