Сүйікті іспен айналысып жүргеніңізді дәлелдейтін 14 нәрсе

Сүйікті іспен айналысып жүргеніңізді дәлелдейтін 14 нәрсе

Әр адамның өмірде өзіндік мақсаты, өзіндік кәсібі бар. Десек те, тұрмыс өз сүйікті ісіңмен ғана шұғылданып, нансыз отырғанға көнбейді. Көп адамдардың ішінен өз сүйікті ісімен шұғылданып жүрген жандарды тану қиын емес, оңай да емес. Ендеше, бірге анықтап көрейік.

Егер сіз өзіңіз сүйген істің жетегінде жүрген болсаңыз...

Сіз бұл ісіңізбен кез келген орында, кез келген жағдайда, түрлі көңіл-күйде шұғылдана аласыз;

Сізге жұмыс барысы аса қиын болмайды және ісіңізді тындыруға көп уақыт жұмсамайсыз;

Ешкімнің артық әңгімесі әсер етпейді;

Сіздің ісіңізге қызығатын адамдарға тегін кеңес беріп, тәжірбиеңізбен бөлісесіз. Өйткені, сіз өзіңіз мұны оңай үйренгенсіз. Сізге оны жұртқа үйрету де оңай;

Сізді «Бәрін менен үйреніп алып, менен мықты болып кетеді» деген бөтен ой мазаламайды;

Сіз біраз адамды өз жаңалығыңызбен таңдандырасыз. Өз кәсібіңізге байланысты кез келген жұмыс сізге күш береді;

Сіз жаңалық ашуға, саяхат жасауға және зерттеу жүргізуге құмарсыз;

Сіздің демалысыңыз – жұмысыңыз, жұмысыңыз – демалысыңыз;

Сіз үшін жалақы бірінші орында емес; Өз сүйікті ісіңіз үшін ақша төлеп жатқан үкіметке күле қарайсыз;

Егер сіздің жұмысыңыз басыңыздан асып жатса, оны тез-ақ бітіріп тастай аласыз;

Сүйікті жұмысыңызбен айналысып жүріп жетістікке жетсеңіз, мақтанғыңыз келіп тұрады;

Бұл жұмыс үшін ешкімге міндетсінбейсіз;

Тек жалақы үшін ғана жұмыс жасап жүргендерге жаныңыз ашиды;

Кез келген жағдайда да тығырықтан шығамын деп ойлайсыз;

Сурет: Макс Галаев

А. Әбілхан