Ертерек ескеретін өмірлік ережелер # 2

Ертерек ескеретін өмірлік ережелер # 2

Басы

* Қатып қалған қағидамен жүрудің де пайдасы бар. Қағидамен жүру деген – қатты кереуетте жатқанмен тең. Әрине, онда жатқан ыңғайсыз болады, бірақ омыртқаңа мұның пайдасы бар. Әйткенмен кейбір қағидалардан өзгелер ғана емес, өзің де қауіптенуіңе тура келеді.

* Жағдайың жасаулы болса, армандауды да қоясың. Өзіңді ойыңдағыдай сезініп, жайлы өмір сүрген кімге болса да ұнайды. Бірақ бұл жатыс болашаққа қадам басуға асықтырмайды. Сондықтан біреуін таңдауға міндеттісің.

* Біздің өміріміз – еңбегіміздің жемісі.  Жағдайдың емес, жеке шешіміңнің құлы бол. Кейде бұл саған қиын соғады. Әрине, жауапкершілікті өзгеге арта салып, соған арқа сүйеу жақсы. Бірақ өз ісің мен өз жеке шешіміңнің жемісін көрген одан да жақсы.

* Проблемаға қалыпты көзқараспен қара. Егер сенің жұмысыңда, не жеке ісіңде проблема орнап жатса, демек сен тіршілік үшін жанталасып жүрсің. Бұл сенің жеңіске жақындағаныңның және өсіп-өніп келе жатқаныңның белгісі. Бұл өмірде кімде проблема жоқ екенін білесің бе? Ештеңемен шұғылданбайтындарда ғана!..

* Сен кешегі күнді өзгерте алмасаң да, болашағыңды өзгерте аласың.  Ол үшін бүгінгі күніңнің жағдайын жасай білуің керек. Өйткені бүгінің болашағыңа деген тура жол болуы мүмкін.

* Өмір тосын сыйларға толы. Қай-қайсына да дайын болып жүру керек. Тосын сыйдың бірі жақсы болса, бірі қауіпті келеді.

* Өмірде адамдар күрестегідей барлық амал түрлерін қолданады. Досым деп жүргендер тосыннан аяғыңды шалып құлатса, басқалар одан зорын жасайды.

* Ешқашан артқа қарама. Жай ғана жақсы жоспар құр да алға ғана қарап жүре бер.

Сурет: profismart.org

А. Әбілхан