Жігіттердің 10 қуанышы

Жігіттердің 10 қуанышы

Әдетте, қыз баласы өте сезімтал, барлығын жүрегіне жақын қабылдайды дейміз. Ал жігіттер ше? Оларда бұл қасиет бар ма? Әрине, әр адамның мінезі түрліше болып келеді. Десе де жігіттердің барлығын бей-жай қалдырмай, жүрегін шымырлататын ортақ ситуациялар бар екен. Оларды талдап көрейік.

1. Жан досы жаңа көлік сатып алса, бірге қуанады. Құрдасының темір тұлпарын өзінікіндей көреді. Психолог мамандардың айтуынша, жігіттер қыздар секілді көреалмаушылық танытпайды. Досы үшін шын жүректен қуанады.

2. Алып механизмнің қалай жұмыс істеп тұрғанын көруден ляззат алады. Және ол кез келген механизм болуы мүмкін.

3. Бастығына немесе полиция қызметкерлеріне: «Ренжімеңдер, бүгін «Қайрат» ойнайды. Мен асығыспын!» деп айтқан кезде қуанады. Бұлай көп адам айта бермейтіні анық. Десе де өз ойын осылай жеткізуді әрқайсысы армандайды екен.

4. Үйдегі бұзылып қалған розеткіні жөндеген кезде. Кез келген жігіт сүйіктісінің жанында өзін әлдеқайда мықты сезінгісі келеді. Және сол себепті нәзік жанды аруларды таңдауға тырысады.

5. Денесіндегі жараларды көрген кезде. Әсіресе, спортқа жақын жігіттер.

6. Тыйым салған жерлерде балық аулағанда. Бұл әрекетті қыз қауымы алдында жасағанды ұнатады. Өзіне тәнті болып тұрған жандардың бар екенін білгенде балаша риза болады.

7. Жаңадан иек астында түктері пайда болған шақта. Қыз қауымы мәңгілік бала болып қалуды армандаса, жігіттер ер жетіп, ат жалын тартып мінуге асығады.

8. Сүйіктісі ақылды шешім қабылдаған сәтте. Қыз баласы табиғатынан сұлу, мүсіні мінсіз болса да, ең бастысы – жігітінің намысына дақ түсірмеу. Сондықтан жігіттер сүйіктісінің жарасымды киім киіп, Жиренше шешеннің Қарашашындай ақылға ие болғанын көрген кезде өздерін бақытты сезінеді.

9. Сәбиі дүниеге келген кезде. Бұл – адамзатқа ортақ қуаныш шығар. Тарихи деректерден, қазіргі телехикаялардан отбасында ер баланың дүниеге келуі өте маңызды болғандығын көруге болады. Алайда, қазір жағдай мүлдем басқа. Қыз баласы отбасына жанашыр, ал ұл бала қамқор болатындықтан, олар үшін сәбидің жынысы маңызды емес.

10. Әке-шешесі шын жүректен алғыс айтқан кезде. Ата-анасына қыз бала көбірек жанашыр болғанымен, ұл бала да олардың ақ сүтін өтеуді армандайды. Қартайған шағында еш нәрседен таршылық көрмесе екен деп ойлайды. Және әке-шешесі батасын беріп, алғысын айтқан кезде төбесі көкке жетіп қуанады.

Ал Сіз қалай ойлайсыз? Жігіттер тағы қандай сәттер де балаша қуанады?

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай