Тест: "Махаббатты сақтай аласыз ба?" (жігіттер үшін)

Тест: "Махаббатты сақтай аласыз ба?" (жігіттер үшін)

Көктемде айналамыз ғана құлпырып қоймай, жүрегімізде де махаббат оты тұтанады. Қыз баласы бой түзеп, сәнді көйлектерін киеді. Жігіттер қауымы да өз кезектерінде қалыспай шаштаразға барып, өздерін ретке келтіреді. Ал осы жүрекке нұр сепкен көктемде махаббатымызды сақтап қала аламыз ба? Лаулаған от болып тұтанған сезімді қанша уақытқа дейін сақтай аламыз? Бұл сұрақтарға жауапты төмендегі тест көмегімен анықтаңыз:

1. Қызым мені жақсы түсінеді.

А) Ия

Ә) Жоқ

2. Ол менің балажан екенімді жиі айтады.

А) Ия

Ә) Жоқ

3. Білімге тым қатты беріліп кеткенімді айтады.

А) Ия

Ә) Жоқ

4. Ол маған сенім артады.

А) Ия

Ә) Жоқ

5. Қызым өте қызғаншақ.

А) Ия

Ә) Жоқ

6. Кейде бір жерге қыдыруға өзі де ұсыныс жасайды.

А) Ия

Ә) Жоқ

7. Менің қамқорлығымды ұнатады. Кейде қатты ашулансам да, көтереді.

А) Ия

Ә) Жоқ

8. Маған сынды көп айтады.

А) Ия

Ә) Жоқ

9. Ол мені (сыныптас) группалас қыздарымнан қызғанбайды.

А) Ия

Ә) Жоқ

10. Маған жиі ашуланады.

А) Ия

Ә) Жоқ

11. Мен кейде оған өтірік айтамын.

А) Ия

Ә) Жоқ

12. Ол менің әдемі екенімді жиі айтады.

А) Ия

Ә) Жоқ

13. Көңіл-күйімді көрсете алмайтындығымды айтып ренжиді.

А) Ия

Ә) Жоқ

14. Жанымда жүрген достарымды ұнатпайды.

А) Ия

Ә) Жоқ

15. Жігіт болсам да, кейде еркелеймін. Ол да мені өз кезегінде еркелетеді.

А) Ия

Ә) Жоқ


16. Көпшіліктің ортасында тұрып, өзіме сенімсіздік танытқан кезде ол маған ренжиді.

А) Ия

Ә) Жоқ

17. Қызым менің романтик болғанымды қалайды.

А) Ия

Ә) Жоқ

18. Менің қызығушылығыма құрметпен қарайды.

А) Ия

Ә) Жоқ

19. Оның көңілінен толықтай шықпайтынымды сеземін.

А) Ия

Ә) Жоқ

20. Ол бос уақытының бәрін маған арнайды.

А) Ия

Ә) Жоқ

21. Менің кемшіліктерімді бетіме жиі басады.

А) Ия

Ә) Жоқ

22. Ол маған не істеу керектігін үнемі айтып отырады.

А) Ия

Ә) Жоқ

23. Екеуіміздің қарым-қатынасымыз оған ұнайды.

А) Ия

Ә) Жоқ

24. Менің қызым қамқорлық танытады.

А) Ия

Ә) Жоқ

25. Ол мені осы қалпымда қабылдайды.

А) Ия

Ә) Жоқ

26. Көрген жерде ата-анама құрмет көрсетеді.

А) Ия

Ә) Жоқ


27. Телефонмен қайда жүргенін сұрап мазасын алатынымды ұнатады.

А) Ия

Ә) Жоқ

28. Ол мені өзгелердің алдында ұятқа қалдырады.

А) Ия

Ә) Жоқ

29. Менің достарымның жанында өзін жайлы сезінеді.

А) Ия

Ә) Жоқ

30. Оған ұнамаған іс-әрекеттерді жасағанымда кешірім сұрағанымды қалайды.

А) Ия

Ә) Жоқ

Тест нәтижесі:


26-30 ұпай. Сіздер бір-біріңізді өте жақсы түсінесіздер. Қызыңыз сізді сүйеді әрі осы қалпыңызда қабылдайды. Махаббаттарыңыз мәңгілік десе де болады.

21-25 ұпай. Сезімдеріңізде махаббат оты әлі де маздап тұр деуге болады. Алайда сүйіктіңізге қамқорлық таныту үнемі қолыңыздан келе бермейді. Жалпы қарым-қатынастарыңызды сақтап қалуға болады.

16-20 ұпай. Қызыңыз сізге сенбейді. Мүмкін сізді жоғалтып аламын деп қорқатын болар. Соңғы кездері оған қатысты жасап жүрген іс-әрекеттеріңізді ойға алыңыз. Мүмкін тұтанбас сезімнен жалыққан шығарсыздар. Олай болса уақытты өткізбей, қарым-қатынастарыңызды үзгендеріңіз дұрыс.

15 ұпайдан төмен. Осы уақытқа дейін қанша қызбен жүрсеңіз де, олардың бірін де сүймегенсіз. Сізге ғашық болып үйрену керек.

Оқи отырыңыз:

"Тест: "Махаббатты сақтай аласыз ба?" (қыздар үшін)

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vk.com

Қ. Бүйенбай