Жігіттерге кеңес: өзіңізді қорғауға арналған спорт түрлері

Жігіттерге кеңес: өзіңізді қорғауға арналған спорт түрлері
Фото: BNews.kz

Бозбала болғаннан кейін түнделетіп көшеде жүресіз, сүйіктіңізді шығарып салуға тура келеді. Ал қоғамда түрлі адамдар тобы болғаннан кейін келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін. Заңнамалық тұрғыда қару алып жүруге болмайтындықтан, сізге қарапайым өзіңізді қорғауға арналған спорт түрлерімен таныстырамыз.

Денеңіздің сұлу қалпын сақтау үшін денені қыздырып, арнайы залдарға барған жөн болар. Бірақ ол сізді қорғай алады ма?

Кекусинкай-каратэ

Масутацу Ояма есімді аты аңызға айналған адамның осыдан 60 жыл бұрын ойлап тапқан жекпе-жек спорт түрінің бірі. Адамдар арасында үлкен сұранысқа ие. Егер сіз осы спорт түрімен айналыссаңыз жарты жыл ішінде алтыншы деңгейдегі сары белдікті алып шыға аласыз. Ал бұл түнде жалғыз жүрген кезде қорықпауыңызға болады деген сөз.

Кикбоксинг

Аңыз-әңгімелерге сүйенсек «кикбоксинг» спорт түрін 1970 жылдары Чак Норрис ойлап тапқан. Бұл шындық әлде жалған, бірақ бокс пен шығыс жекпе-жегінің  араласқан бұл спорт өнері қоғамда түрлі талас тудырды. Бұл спорт түрі аяқ пен қолды бар күшпен ұру арқылы қарсыласты сеспей қатыру. Жарты жыл ішінде кикбокспен айналыссаңыз, сіз кем дегенде қатар келген 2-3 адамды ұрып құлата аламын деп есептеңіз.

Джиу-джитсу

Жалпы жекпе-жек өнерінің тарихындағы ең бір атап айтуға болатын спорт түрі – джиу-джитсу. Себебі оның тарихына 400 жыл болды. Тегінде самурайлар қолданған. Қазіргі бұл спорт түрлі сәл де болсын жеңілдетілген. Себебі алғашқы кезде джиу-джитсумен айналысқан адам қарсыласын өлтіріп тынатын болған.  Аталған спорт түрін толыққанды меңгеру үшін сізге 8-10 ай арасы жеткілікті.

Крав мага

Атауы да ерекше бұл жекпе-жек өнерінің отаны – Израйль. Бұл спорт түрімен жергілікті жауынгерлер мен сақшылар жаппай айналысады. Себебі басты қару – осы. 1930 жылдары қалыптаса бастаған «Крав мага» спорт түрін Ими Лихтенфельд есімді аты аңызға айналған ұстаз енгізген.  Аталған жекпе-жек өнері құр қолға емес, қарумен келген адамды да сұлатып тастауға негізделген. Ең басты ерекшелігі – жылдамдық.

М. Ақан