Спортпен айналысамын деген жандар үшін

Спортпен айналысамын деген жандар үшін
Фото: collections.yandex.ru

Спорт – денсаулық кепілі. Күнделікті өмірде денеңіздің саулығын тілесеңіз, спортпен айналысып, әрдайым қозғалыста болыңыз. Бірақ қозғалыста болу үшін жақсы тамақтану керек.

Спорттық тағамдар деген не?

Ескерте кету керек, спорттық тағамдар дегенді бірден химиялық қоспа немесе денені әрдайым қыздырып тұратын дәрі-дәрмек, одан арысы допинг деп қабылдамаңыз. Себебі біздің сізге ұсынғалы отырған спорттық тағамдарымыз табиғи әрі ағзаға керекті минералдар.

Спорттық мансабын жаңадан бастап жатқандар үшін спорттық тағамдарды дұрыс пайдалану маңызды. Кейін келе бұл үрдіс әдетке айналып кетері анық.

Ең алдымен күнделікті жүгіруді немесе денені қыздырып тұруды бастаған екенсіз соған сай таңдау жасаңыз. Себебі бір күн бар, бір күн жоқ жасалған еңбек далаға кетеді. Ал таңдау жасап болған болсаңыз, денеңіздің әдемі әрі шымыр болып қалыптасуы үшін де спорттық тамақтарды күнделікті үзбей пайдалану керек. Деннің сауылғы жүгіре беруден бөлек, дұрыс тамақтанудан да келетінін ұмытпаңыз.

Күнделікті дене шынықтыруды жаңадан бастағандар үшін арнайы тағамдар, витаминдер, минералдар пайдалану керек.

Ең бірінші, асқазанды тамаққа толтырып алып жүгіру немесе денені қыздыру сізге ешқандай күш бермейді. Ол керісінше әсерін беріп, денеңіздің ауырсынуына алып келеді.

Екіншіден, спортпен күнделікті айналысамын дегендер үшін арнайы тағамдар тізімі бар. Ол тағамдар тізімін үзбей пайдалану тағы да маңызды.

Үшіншіден, спорттық тағамдардың да бағасы арзан емес. Сондықтан барынша сапалы әрі жақсы деген нәрсеге қарай жүгіріңіз.

Есте болатын нәрсе – спорттық тағамдардың құрамында май болмайды.

Жан-дүниемен қоса тәннің де сұлулығын сақтағысы келетін жандарға арналған, спорттық өмірін енді бастап жатқандарға төмендегі витаминдер мен тағамдарды ұсынамыз:

Протеин – бұлшық етті қатайтып, денеге күш береді.

Креатин – қатайған бұлшық еттің босауына көмектесіп, дененің өсуіне көмегін тизігеді.

Түрлі витамин – соның ішінде Lipo 6 Black Nutrex түріндегі тағамның пайдасы зор.

М. Ақан