«Кроссфит үшін мансаптан қалай бас тарттым?»

«Кроссфит үшін мансаптан қалай бас тарттым?»
Фото: Нұрсұлтан Арыстанбаев

24 қыркүйек күні «Golden Eagle CrossFit» cпорт залдар жүйесінің негізін қалаушы Ерлан Манатаевтың «Кроссфит үшін мансаптан қалай бас тарттым?» атты шеберлік сабағы өткізілді.

Ерлан Манатаев мансабын қаржы секторынан бастаған. Спикер қаржы секторында жұмыс істеймін деп жоспарлап жүрген жастардың бәріне жұмысты үлкен кәсіпорындарда істеп бастаудың маңызды екенін баса айтты, себебі ол жерде алынған құнды тәжірибе болашақта міндетті түрде қажет болатынын ескертті. Ерлан Манатаевтың сол жұмысынан алған білімі өз ісін құруға көмектесті.

Соңында кезек тыңдармандардың сұрақ-жауап сессиясына ауысты, соның ішінде: «Сіз бұрынғы жұмыс орныңызға қайта оралуды қалайсыз ба?» – деген сұрақ қойылды. Ерлан: «Қаржы секторы мені өте қызықтырды және сол уақытта өзім үшін мансапқа жетудің бірден-бір жолы болып көрінді, бірақ қазіргі жасап жатқан істерім көңілімнен толық шығып отыр!» – деп жауап берді.

Шеберлік сабаққа қатысушылардың арасында Алматы қаласының белсенді жастары, жас кәсіпкерлер және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары болды. Бұл іс-шара инновациялық және бизнес алаңдарын қолдауға арналған жоба аясында ұйымдастырылды, негізгі мақсаты – Алматы қаласындағы жастар кəсіпкерлігін дамыту.

Ж. Жұмағұлов