Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Спортзал / Жаттығу кезінде қанша су ішу керек?

Жаттығу кезінде қанша су ішу керек?

Жаттығу кезінде қанша су ішу керек?

Жаттығу кезінде адамның ағзасы 1-1,5 литр сұйықтықтан арылады. Қажетті судың орнын толықтыру және ми мен бұлшық етке оттегі беру үшін, барынша көп су ішу керек. Бірақ қай кезде және қанша су ішкен дұрыс?

Фитнес, аэробика, би, жүгіру, қарапайым жаттығулар жасау – қандай да болсын физикалық белсенділік кезінде адам термен бірге, ағзасынан су шығарады. Орнын толықтыру үшін, жаттығу кезінде су көптеп ішу керек екені бәрімізге белгілі. Енді жаттығудан бұрын, одан кейін, жаттығу кезінде қанша су ішу керектігін талқылайық.

300-500 мл суды (2 стақан) жаттығуларға 2 сағат қалғанда ішіп үлгеріңіз.

Жаттығулардың басында 200 мл (1 стақан) су ішіңіз.

Жаттығулар кезінде әр 15 минут сайын 50 мл су ішуге болады.

Ауызыңыз құрғаған жағдайда, суды ішпей-ақ, тек ауызды шайған дұрыс.

Жалпы жаттығулар барысында суды барынша аз ішуге тырысыңыз. Осылайша сіз төзімділігіңізді арттырып, жүрекке зиян тигізбейсіз, әрі іштегі ауырлық сезімінен арыласыз. Алайда шөлдеген жағдайда су ішіп алған дұрыс.

Жаттығуларды аяқтағаннан кейін бөлме температурасындай жылы 1-2 стақан су ішіңіз.

Жаттығулардан кейін, бірнеше сағат бойы аз-аздан су ішіп отырыңыз.

Түрлі шырындар, коктейльдер, шәй не энергетикалық сусындарды ішпей, қарапайым газдалмаған суды таңдаңыз.

2
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Фото: airkangenpekalongan.wordpress.com
Қосылған күні: 17 қыркүйек 2016, 13:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.