Жазға дайындық: Салмақ қосу жолдары

Жазға дайындық: Салмақ қосу жолдары
Фото: mistercenglish.blogspot.com

Жазғы маусымға дайындықты қазірден бастау керек. Салауатты өмір салтын ұстанған әр адам дене мүсінін қалыпты ете алады. Ағзасына май емес, ет қосқысы келетін жігіттерге мынадай азық-түлік алуға кеңес береміз. 

1. Күнбағыс шемішкесі 
Біріншіден, шемішке – протеиннің қоры. Екіншіден, оның құрамында Е дәрумені көп. Е дәрумені бұлшықетті нығайтатын негізгі фактор. Бұлшықеттің жоғалуын тежеп, жаттығудан кейін бұлшықетті қалпына келтіреді. Салатқа араластырып жеуге де, өзін шағып жеуге де болады. 

2. Скумбрия 
Омега-3 май қышқылына бай балық — скумбрия. Жаттығудан кейін ағзадағы ақуыздар бұлшықеттерге тарай бастайды, әсіресе, қол бұлшықеттеріне. Үйге жеткенге дейін, тамақтанып, оны асқазаныңыз қорытқанша, ағзаңыз өз-өзін жеп жатады. Омега-3 бұл үдеріске тосқауыл бола алады.

3. Киви 
Киви – бұлшықеттің басты азығы. 3 түйір киви ағзаны түрлі аурудан қорғайды. 

4. Ананас 
Ананастың құрамында ақуызға толы тағамды қорытатын бромелайн заты бар. Бір тәрелке қуырдаққа тойып алған соң, консервіленген ананас оның құрамындағы ақуызды бұлшықетке тез таратады. Сонымен қатар, бромелайн жаттығудан кейінгі бұлшықет ауруын басады.

5. Кофе 
Кофеин бұлшықеттің ауырғанын басып, жаттығуды ұзартады. Шаршағаныңызды сезбейсіз. Мұны көк шай алмастыра алады. Ал энегетикалық сусындарға келгенде, сақтықпен қараңыз. 

6. Сиыр еті 
Сиыр еті аминқышқылына бай. Сонымен қатар, бұлшықетті нғайтып, майды жойып, төзімділікті арттыратын креатин заты бар. 

7. Жанжабіл (имбирь) 
Неше түрлі детрке ем жанжабіл аспириннен кем емес. Оның құрамындағы қышқыл сүт бактериясы ас қорытуды тездетеді. Сонымен қатар, ағзаны тез ретке келтіре алатын қасиетке ие. 

8. Табиғи йогурт 
Жеміс-жидек қосылған йогуртқа қарағанда қантсыз табиғи йогурт жеген пайдалырақ. Табиғи йогуртты туралған жеміс-жидекпен қосып жеңіз. Сонда жеміс-жидектің дәрумені көбірек сақталады әрі молынан болады. Бір ескерерлігі, қант қоспаңыз. 

Жалғасы бар...

Г. Берік