ER-BATYR жобасында Арман Уахап: Ақылды және саналы батырларымыз көп болсын

ER-BATYR жобасында Арман Уахап: Ақылды және саналы батырларымыз көп болсын

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Батыр боламын" қоғамдық қорының президенті Арман Уахап. Жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгімеде ол қор құру идеясы қалай пайда болғанын, ер адам бала тәрбиесіне белсене қатысуы неліктен маңызды екенін, сондай -ақ Қазақстан үшін ақылды және саналы батырлар көп болуы неге маңызды екенін айтты.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да көре аласыздар. Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.

Қ. Слямбек