ER-BATYR жобасында Алмаз Шарман: пандемияның аяқталуы, вакцинация және болашақ туралы

ER-BATYR жобасында Алмаз Шарман: пандемияның аяқталуы, вакцинация және болашақ туралы

ER-BATYR жобасында - профилактикалық медицина академиясының президенті, Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, медицина профессоры Алмаз Шарман. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында интуитив медицина туралы, пандемияның аяқталуы, қолданыстағы COVID-19 вакциналарының тиімділігі, отандық медицинаның қазіргі жағдайы, дәрігерлерді ынталандыру әдістері, сондай-ақ олардың денсаулығына саналы көзқарас туралы әңгімелейді.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да көре аласыздар. 

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Алмаз Шарман - профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, медицина профессоры. Биомедициналық және медициналық-демографиялық зерттеулер, Халықаралық денсаулық сақтау және аурухананы басқару саласындағы маман. АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінде жұмыс істеді, ал Қазақстанда Ұлттық медициналық холдингті басқарды және Назарбаев Университеті басшыларының бірі болып жұмыс істеді, онда университеттің интеграцияланған академиялық Денсаулық сақтау жүйесін әзірлеумен айналысты. Ол денсаулық туралы "АЛМАЗ кеңестер" бағдарламасының жүргізушісі болып, теледидар бағдарламаларында, TEDx конференцияларында, интернет-блогтарда, денсаулық туралы ғылыми кітаптарда, сонымен қатар, газет пен интернет басылымдарында материалдар жариялаған, медицина ғылымының танымал өкілі болып саналады.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.

Т. Раушанұлы