Бойдақтарға салынатын салық

Бойдақтарға салынатын салық

1941 жылы қарашада бала туу көрсеткіші жақсарту мен көпбалалы аналарды әлеуметтік жағынан қолдау үшін КСРО елінде бойдақтарға арнап арнайы заң шығарылады.

Басында мұндай салық уақытша енгізілген. Алайда мемлекетке біршама пайда әкелетіндіктен, салық 1990 жылдарға дейін айналымнан алынған жоқ.

Салық шартына сәйкес, отбасын құрмаған 20 мен 50 жас аралығындағы ерлер мен 20 мен 45 жас аралығындағы әйелдер табысының 6 пайызын салық түрінде төлеп отыруы тиіс болатын. Бірақ айлық табысы 70 сомнан аспайтындар салық төлеген емес.

Сондай-ақ, денсаулығына байланысты балалы бола алмағандар, соғыста баласы қайтыс болған не жоғалып кеткендер салықтан босатылған.

Сонымен қатар, салықтан босатылғандар қатарында жоғары оқу орынында оқып жатқан, Кеңес одағының батыры атағын, Даңқ орденін алғандар, әскери қызметкердің жанұясы, т.б. бар.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар