Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / БҰҰ ер адамдарды карантинде әйелдерге үй шаруасын жасауға көмектесуге шақырды

БҰҰ ер адамдарды карантинде әйелдерге үй шаруасын жасауға көмектесуге шақырды

БҰҰ ер адамдарды карантинде әйелдерге үй шаруасын жасауға көмектесуге шақырды

Біріккен ұлттар ұйымы карантин жағдайында ер адамдар көбейген үй шаруасының ауыртпалығын әйелдермен бөлісуі тиіс деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"COVID-19 пандемиясына байланысты үйде оқшауланып отырғанда көптеген әйел "қашықтан" немесе ауруханалар мен дүкендерде ғана жұмыс істеп қоймай, сонымен қатар үй тазалауға, кір жуып, тамақ дайындау, балаларды тамақтандыру, олармен ойнау немесе қарт туыстарына қарауға тура келеді. Бұл көптеген отбасындағы әйел мен қыздардың мойнына артылатын үй шаруасының толық тізімі емес. БҰҰ ер адамдарды осы әділетсіздікті болдырмауға шақырады", - делінген хабарламада.

Ұйым ер адамдарды, жасөспірімдер мен жігіттерді үй міндеттерінің бір бөлігін өзіне алуға кеңес берді.

"COVID-19 пандемиясынан бүкіл әлемде миллиондаған адам оқшауланып отыр. Бұл жағдайда гендерлік теңсіздік одан әрі айқын көріне түсті. Осы күндері әйелдер төленбейтін үй шаруасын ерлерге қарағанда үш есе көп орындап жатыр. Сонымен қатар, олар коронавируспен күресте, алдыңғы қатарда тұрғандар саналады. Себебі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында 70 пайыз  әйелдер қызмет атқарады", - деп атап өтті БҰҰ өкілдері.

БҰҰ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін негізін қалаған HeForShe At Home кампаниясы ерлерді үй міндеттерінің ауыртпалығын теңестіру қажеттігін айтады. Ұйым ерлерді әйеліне көмектесудегі тәжірибесін, ыдыс жуып, балаға қарасқандары туралы әңгімесін бөлісуге шақырады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Tengrinews
Қосылған күні: 19 сәуір, 15:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->