Тәтті сезім/ Сладкое искушение/ Sweet Temptation (Соен) [kaz

Ел: Оңтүстік Корея
Жанр: драма, комедия, романтика
Жыл: 2015
Режиссер: Lee Gi Baek
Рөлдерде: Ын Чжон, Чжон Бо Рам, Пак Со Ен, Ким Си Ху, Су Джун Ен, Ли Чжун Мун, Хе Мин, Чжи Ен, Хен У, Ким Дже Ук, Чан Су Вон, т.б. Веб-дороманың басты кейіпкерлері Т-АRA тобының мүшелері. Әрбір жаңа бөлімде әртүрлі оқиғалар орын алады. Яғни бір-біріне байланысы жоқ. Басты кейіпкер белгілі бір себептермен қиындықтарға кезігіп, жаңа ұялы телефон сатып алуға мәжбүр болады. Телефондағы кез келген тілекті орындайтын ойынды іске асырып көргенімен, ол оңайға түспейді. Бұл фильм фантастика жанрына келгенімен, мұнда өмірлік сабақ болар жағдаяттарды көрсетеді. Шын бақытты ақшада, байлықта деген пенделер бақыттың мәнін түсінеді. Киноның басты мақсаты да сол.
1-бөлім. «Арман қыз» (Соен)
Со Хи өзін сырт келбеті үшін өзін бақытсыз сезінеді. Алайда жүрегі мейірімге толы. Бұл бөлім Со Хидың махаббаты жайлы.