Ұмытылмас күн / Day / Haru: An unforgettable day in Korea


Шыққан мерзімі: 24 қыркүйек 2010
Мемлекет: Оңтүстік Корея
Режиссёр: Park Myeong-cheon/Пак Мёнг Чон
Жанры: қысқаметражды фильм
Ұзақтығы: 30 мин.
Рөлдерде:
Big Bang
Yunho/Юно
Han Chae Young/Хан Чхэ Ён
Park Shi Hoo/Пак Ши Ху
Lee Dae Hae/Ли Да Хэ
Kim Bum/Ким Бом

Сипаттама:
Юно, Ким Бом, Big Bang, Хан Чхэ Ён, Пак Ши Ху және Ли Да Хэ сынды жұлдыздар Корей ұлттық туризм ұйымы түсірген “Haru (Day)” атты драмада ойнау үшін бас қосты. Бұл драма Кореядағы туризм жылы саналған 2010 жылдың құрметіне арнап түсірілген. Драмада Юно атыс-шабыс жанрының жұлдызын, Ким Бом фотографтың, Ли Да Хэ фильм сценарийін жазушының, Хан Чхэ Ён мен Пак Ши Ху Ли Да Хэның сценарийіндегі қос ғашықтың рөлін сомдайды, ал Big Bang тобы жабылайын деп жатырған мектептің оқушыларына мини-концерт қоюшы топтың рөлінде.

Аударған: Aidana
Редактор: Zere

ОНЛАЙН ҚАРАУ

Жаңа Жыл қарсаңында сіздерге Кореяның ең "няшка" актерлері жиналған қысқаметражды фильм ұсынып отырмыз. :) Бұл фильм Кореяның туризм саласын дамытуға бағытталып түсірілсе де, фильмде бір ой жатыр. Ол, әлбетте, адам сезімін тербеу, романтикалық іс-әрекеттерге баулу, махаббатқа баулу. Әр адам сүйікті болуға, сыйлы болуға лайықты. Фильмнің басты желісі осы деп білемін. Сүйікті болуға лайықсыз, осыны ұмытаңыз!
Суреттер