Қысқы соната / Winter Sonata

Мемлекет: Оңтүстік Корея
Жыл: 2002
Сериялар саны: 20

Жанр: романтикалық драма

Рөлдерде:

Пэ Ён Чжун - Кан Чжун Сан/Ли Мин Ён
Чхве Чжи У - Чжун Ю Чжин
Пак Ён Ха - Ким Сан Хёк
Пак Сол Ми - О Чхе Рин
Ли Хё Юн - Кон Чжин Сук
Рю Сын Су - Квон Ён Кук

Сипаттама:

Жоғары сынып оқушысы Кан Чжун Сан әкесін іздеп, анасының туған қаласына оралып, жаңа мектепке ауысады. Ю Чжин мен Сан Хёк – оның жаңа сыныптастары. Екеуі бала кезден дос, алайда, Сан Хёк үшін Ю Чжин дос қана емес, ғашығы. Ал Ю Чжин Сан Хёкті тек дос ретінде қабылдайды.

Кан Чжун Сан жаңа мектепте жалғызсырап, өзін салқынқанды ұстайды. Сондықтан, Ю Чжин оны жақын тартып, достасуға талпынады. Бұл талпынысы екі жастың бір-біріне ғашық болуымен аяқталады. Алайда, әу баста әкесін іздеп келген Кан Чжун Сан ақиқаттың шетін шығарамын деп жүріп, Жаңа жылға аз қалғанда көлік апатына ұшырап, қайтыс болады.

...Жылдар өтеді. 10 жыл өткен соң, сыныптастар Ю Чжин мен... Сан Хёктің некелесу тойына жиналады. Сан Хёк жауапсыз ғашық екенін түсінеді. Бірақ Ю Чжин тұрмыс құруға келісімін бергеніне риза. Алайда, сыныптас дос қыздары О Чхэ Рин өзінің жаңа жігіті Ли Мин Хёмен таныстырғанда жағдай күрт өзгереді... Өйткені, ол қайтыс болған Кан Чжун Санға қатты ұқсайтын еді.

«Қысқы соната» әуені басталды...

Аударған:Zere

Осындай керемет романтикалық дораманы ешкім аударғысы келмей ме? :cry:
бұл сериалдың аудармасын білемін тек оны қалай фильмге қосуды білмейді екем оны қалай жасайды :oops:
бұл сериалдың аудармасын білемін тек оны қалай фильмге қосуды білмейді екем оны қалай жасайды :oops:

Түсінбедім, сізде субтитрлар бар да, видеоға қалай қосарыңызды білмейсіз бе? субтитрлар қай тілде?
Қысқы соната сериалының 3-ші сериясы қосылды. http://massaget.kz/translate/serialdar/162
Salem Massaget! Bul filmnin 14-20 serialari hashan dayin bolar eken? Sosn serialdard salganda tugel salularinizdi otinemn :!: Kalgan serialdar salinip bolganinsha, bul filmdi de umitp halarmz :D
Salem Massaget! Bul filmnin 14-20 serialari hashan dayin bolar eken? Sosn serialdard salganda tugel salularinizdi otinemn :!: Kalgan serialdar salinip bolganinsha, bul filmdi de umitp halarmz :D

Сіз бәрі салынып біткенше күте тұрыңыз :D Әзірге "Жүрегімде қалған күз", "Қалай жағдайды" көре тұрыңыз :D
ote-ote kizik serial. men birneshe ret korgenmin. orissha. kerek deseniz ozbekshe versialarin da ))))). ishindegi muzikalari da alemnin en jaksi shedevrleri. jalikpai youtubtan korem ). kazakshasi shiksa kandai jaksi. arturli buzik oidagi serial emes bul. kalin nemese turik serildari siakti!
Жобаларымызда тағы бір сериал соңына жетті. Әрбір жоба аяғына жеткенде өзімді керемет сезінемін! "Қысқы соната" "Аяқталған жобалар" бөліміне көшіріледі. :)
қанша қарасам да жалықпаймын осы сериалды! жаныма өте жақын... аударғандарға ҮЛКЕН АЛҒЫС!!!