Шпион Хан Мёң Воль / Spy Myung Wol

Мемлекет: Оңтүстік Корея
Жыл: 2011
Сериялар саны: 18
Жанр: Комедия, романтика

Рөлдерде:
Han Ye Seul - Han Myung Wol/Хан Мёң Воль
Eric - Kang Woo/Кан У
Lee Jin Wook - Choi Ryu/Чхве Рю
Jang Hee Jin - Joo In Ah/Чу Ин А
Lee Duk Hwa - Chairman Joo/ Чу төраға

Аударған:
1-18-серия [b:lbs2eljq][i:lbs2eljq]Rai[/i:lbs2eljq][/b:lbs2eljq]

Редакция:
1-18-серия [b:lbs2eljq][i:lbs2eljq]Zere[/i:lbs2eljq][/b:lbs2eljq]

Сипаттама:

Солтүстік Корея Ұлттық Қауіпсіздік қызметінің Мәдениет бөлімінің сержанты Хан Мёң Воль нағыз агент атанып, сыртқы барлау қызметіне ауысқысы келеді. Бірақ оған майор Чхве Рю кедергі.

Басшылықтың бұйрығымен ол Рю майормен жұмбақ бір істі тыңдыруға Сингапурге аттанады. Сол жерде бірінші рет Корей толқынының жұлдызы Кан Умен кездесіп, майордың жауапкершілігіндегі арнайы бұйрықты орындауға кедергі келтіреді.

Жұмыстан шығып қалған Мёң Воль, өз қалауымен Оңтүстік Кореяға аттанып, қателігін түзеуге бел буады. Бірақ аяқ астынан супержұлдыз Кан Уды Солтүстік Кореяға қалай да алып кел деген бұйрық алады.

Рю майор Мёң Вольды бұрыннан жақсы көретініне қарамастан "супержұлдыздың басын айналдыру" операциясын басқаруына тура келеді, сонымен қатар Солтүстік Кореяға әлемдік маңызы бар көне төрт кітапты тауып алып, жеткізуі керек.

Майордың ендігі амалы не болмақ? Отан алдындағы борышың маңызды ма, әлде махаббат па? Супержұлдыз Кан У Солтүстік Кореяға аттана ма? Мёң Воль оның басын айналдыра ала ма? Және оны бұған кім үйретеді? Корейлік Мата Харилер кімдер және корей агент 007 қандай болады екен? Майор Рю мен Чу төрағаның іздеген көне кітаптарында қандай құпия жасырынған? Нағыз еркектер қандай?

Сериалды көру барысында осы сұрақтарға жауап аласыздар және де кейіпкерлермен бірге ғашық болып, күліп, жылап, соңына дейін үлкен әсерде боласыздар. Сонымен қатар сериал керемет саундтректермен әрленген. Ең бастысы бұл сериалда жап-жас айдолдар емес, көп-көрім ер тұлғалы жігіттер ойнайды. Тамашалаңыздар.

Мына жерде сериалдың екінші бөлімі қосылды, достар! Көріп, бағаларыңызды беріңіздер. :)
Шпион Хан Мен Вольдың 3-ші бөлімі қосылды. http://massaget.kz/translate/serialdar/76
Аудармашыға үлкен алғыс! :)
Шпионка Хан Мен Воль нағыз батыр қыз!!!
Шпион Хан Мен Вольдың 5-ші бөлімі қосылды. http://massaget.kz/translate/serialdar/84
Аудармашыға рахмет! Сериал сіздерге ұнап жатыр деген үміттеміз! ;)
Әрі қарай сериал қашан қосылады? 8-9-10 дары.
Әрі қарай сериал қашан қосылады? 8-9-10 дары.

Жақында болады. :)
Назарларыңызға Шпионканың 8-бөлімі шықты: http://massaget.kz/translate/serialdar/97
Аудармашыға көп-көп рахмет! :)
Көп күттірмей Хан Мёң Воль тыңшының 9-бөлімі шықты http://massaget.kz/translate/serialdar/101
Аудармашыға рахмет! ;)
Шпион Хан Мёң Воль - 10 бөлім! http://massaget.kz/translate/serialdar/104
Рахмет айтуды ұмытпаймыз. ;)