К-поп: Ең қайраттысы тірі қалады/ Strogest K-POP survival



Мемлекет: Оң.Корея
Жанр: романтика,музыкалық
Шыққан жылы: 2012
Серия саны: 16
Рөлдерде:
Пак Ю Хван - Кан У Хён
Ко Ын А - Чжи Сын Ён
Кевин - Кан Чан Мин
Ким Ын Чжон - Риа
Хон Кён Мин - Чан Хён Сок
Пак Хё Чжу - Басшы Хан
Квак Ён Хван - Квон Чжи У
Мэн Се Чан - Чан Тэ Квон
Aли - ұстаз Пак

Сипаттама:
Сын Ёнды ата-анасы үгіттеп, Англиядағы өнер мектебіне түсірмек болады, бірақ мектепке оны қабылдамайды. Ата-анасына айтпай, жасырын түрде Кореяға оралып, жақын досы Чжи Удың үйіне барып тұрады. Чжи У - әнші болуды армандап, танымал топтың кастингіне қатыспақ ойы бар. Алайда маңызды сәтте қобалжитыны бар оған Сын Ён көмекке баруды жөн көреді. Сөйтіп, аяқ астынан өзі де кастингке қатысады. Бірақ бұл жерде бір қиындық бар, ол топқа тек жігіттерді алады, ал Сын Ён қыз емес пе?! Ендігі амалы не болмақ?

Аударған: AinurKZ
Редакция: Zere

Трейлер:
[youtube:23iujnfh]http://www.youtube.com/watch?v=Ijk65z12ReI[/youtube:23iujnfh]
Дораманың басты кейіпкерлері:
Құрметті, массагеттіктер! Сайтымыз назарларыңызға жаңа "Ең қайраттысы тірі қалады" деген дораманы ұсынбақшы. К-поп жұлдызы абыройлы болғанымен өте қиын жол. Міне, осы сериал арқылы сахна сыртындағы шынайы өмірді көрсетуге бел буған екен жасаушылар.
Бұл тек қана к-поп өнерінің қиындықтарын көрсетіп қоймай, махаббат, зұлымдық, сатқындық, достық сияқты адам қасиеттерінің тереңіне үңіліп, жақсылыққа үйрететін тәлім-тәрбиесіне де мол сериал.

Бірінші сериясын қабыл алыңыздар: http://massaget.kz/translate/serialdar/111

Аудармашыға үлкен рахмет! :)
Осы фотодан көруге болады осы дораманын актерлардын әпкелері не ағалары бар және де оларда жұлдыздар екені )
bul serialdy tolygymen korip wykkanmyn.Koreada korermenderdyn koru reitingy tomen bolgandyktan,dorama 14 seriadan gana turadyy
Бұл дорама 2012 жылдың наурыз, мамыр айларының аралығында көрсетілген. Бастапқыда әдеттегі корей сериалдары секілді 16 бөлім түсіруді жоспарлаған. Бірақ, көрермендердің көру рейтингі өте төмен болғандықтан, сериалдың 2 бөлімін шегерген. Ең жоғары рейтинг 0,46%-ды құраса керек. Рейтинг төмен деген сөз көретін көрермен жоқ дегенді білдіреді ғой. Ал, енді неге бұл дораманы ешкім көрмеген?
Жалпы теледидар қызметі екіге бөлінеді екен: Pay-TV және Free-TV болып. Аттары айтып тұрғандай біріншісі ақылы, және шектеулі, яғни әр көргеніңіз үшін ақы төлейсіз. Ал екіншісі кәдімгі біз білетін кабельді арналар. Сериалымызға келсек, ол бірінші аталған Pay-TV арнасынан көрсетілген екен, соған сәйкес көрермендер де болмаған. Рейтингтің осынша төмен болуының басты себебі осы.
Жоғарыдағы суреттегі ағайындылар Пак Юхван мен Пак Ючонның әкесі 2012 жылы 14-наурызда қайтыс болған. Сол кезде ағайынды Пактар ойнаған жаңа сериалдардың тұсауы кесілмек болыпты. Пак Юхванның осы "К-поп: Ең қайраттысы тірі қалады" дорамасының алғашқы көрсетілімі 19-наурызға, ал оның ағасы Пак Ючонның "Принц с чердака" дорамасының алғашқы көрсетілімі 15-наурызға жоспарланған екен. Бірақ осы қайғылы жағдайға байланысты соңғысынікі 21-не қалдырылған. Басқа түскен бұл қайғыларына қарамастан ағайынды екеу өз рөлдерін жақсы сомдап шықты.
Корейлердің сериал түсерде оның саундтректеріне аса үлкен көңіл бөлетіні белгілі. Бірақ неге екені белгісіз бұл дораманың оффисәлні саундтрегінде бар болғаны 2-ақ ән бар екен. Десе де, сериал барысында көптеген әдемі әндер шырқалды. OST-тары:
m2 Junior - Stand up
[youtube:3dfio4ru]http://www.youtube.com/watch?v=J4nM0t6CgqM[/youtube:3dfio4ru]

G.O & Mir /MBLAQ/ - I already knew
[youtube:3dfio4ru]http://www.youtube.com/watch?v=GnhjYJQNnKQ[/youtube:3dfio4ru]
Сериалда шырқалған әндерден үзінді:
Go Eun Ah (Seung Yeon) - Beethoven + Hip hop

[youtube:3buauf15]http://www.youtube.com/watch?v=_-7NIlnEKVw[/youtube:3buauf15]

Kwak Yong Hwan & Go Eun Ah - My dream
[youtube:3buauf15]http://www.youtube.com/watch?v=iSUjIUMM9MY[/youtube:3buauf15]

Kwak Yong Hwan & Go Eun Ah - I am a butterfly/A flying butterfly
[youtube:3buauf15]http://www.youtube.com/watch?v=6Vpt1Iwp_gs[/youtube:3buauf15]

[i:3buauf15]Go Eun Ah (Seung Yeon) - Music is my life[/i:3buauf15]
[youtube:3buauf15]http://www.youtube.com/watch?v=lkYZ5pVFFfc[/youtube:3buauf15]

[i:3buauf15]Jo Yoon Woo - 10 reasons to love you / No strength[/i:3buauf15]
[youtube:3buauf15]http://www.youtube.com/watch?v=4KcI0Dhk7PU[/youtube:3buauf15]

[i:3buauf15]Jin Hyuk (Jae Ah) - Position / Instinctively[/i:3buauf15]
[youtube:3buauf15]http://www.youtube.com/watch?v=zbcTpSpIUB8[/youtube:3buauf15]

[i:3buauf15]m2 Junior - Stay (MBLAQ) [/i:3buauf15]
[youtube:3buauf15]http://www.youtube.com/watch?v=ikNeS1gZqK0[/youtube:3buauf15]

[i:3buauf15]m2 Junior - Confession of Friend (2AM) [/i:3buauf15]
[youtube:3buauf15]http://www.youtube.com/watch?v=Km42qgCYQJ0[/youtube:3buauf15]

[i:3buauf15]M2 - Mona Lisa (MBLAQ)[/i:3buauf15]
[youtube:3buauf15]http://www.youtube.com/watch?v=zQRrqZEwdUA[/youtube:3buauf15]