«Дизайын» деген атауға айтарым бар

Қазақта «Жоба», «Жобалау» Деген сөз ежелден бар. Бүгінгі күнде біреулер осы бір төл сөзімізді Керексіз етіп, оның орнына «Дизайын» деген америкалық атауды қолданатын болыпты. «Өзге ұлыт тілін қосып сөйлесек мәдениетті көрінеміз»-дейтін құлдық сананың Бір белгісі міне осы. «Қалхаралық атауларды аудара бермеңдер» деп Елбасымыз Айтты екен деп, өзіміздің сөздік қорымызда ежелден бар сөздерімізден жатырқасақ Болмайды. Қазақ ежелден жобагер ұлт болған. Қазақтың жөбәгерлік мәдениеті тым Арыдан бастау алады. Қазақ кизүйі әне соның айғағы. Қазақтың киз үйін қазақ Жобалаған. Оны әсте американдар немесе орыстар «Дизайынын жасап» қазаққа апарып Берген жоқ. Тек киз үйді ғана мысалға алып түсіндірер болсақ, қазақ жөбәгерлігінің Қаншалық деңгейде дамығанын былу қиын болмайды. Оның жобасы тұнып тұрған Гевметрия. Қазақ кизүй мәдениетінде үлкен жөбәгерлік білім жатыр. Қазіргі кезде оны Компиютермен жобалаудың өзіне бырталай күш кетеді. Ежелгі қазақ киз үйді Жобалағаны соншалық оны қазақ өміріне мүлтіксіз қабыстырып жіберген. Бүгінгі Күнде қазақ киз үй мәдениеті қазақ сахара мәдениетінің үлкен бір саласы Ретінде зерттелуде. Қазақтың қайысшылық, орымшілік өнері, киім-кешек Мәдениеті, қару-жарақ мәдениеті, теміршілік мәдениеті бәрі-бәрі қазақ Жобагерлынен оқшау болмайды, мысалы «Алтын адам» қазақ жөбәкерлігінің тағы бір Дәлелі.

Осындай жобагер ұлыта, жөбәгерліке Қатысты сөз болмаған деу ақылға симайды. Қазақта жөбәкерліке қатысты сөзді Қойғанда мақал мәтелдердің өзі жетіп асады. Еске түскенін айтар болсақ «Кеңеспен пішкен тон келте болмайды», «Ағаш кэссең ұзын кес қысқарту оңай, Темір кэссең қысқа кес ұзарту оңай» деген сияқты мақал мәтелдер толып жатыр. Қазақ ұлтының киім – Кешек жөбәкерлігі өз алдына бір ғылым. Қазақтың «Жобалау» деген сөзі жобалайтын затқа қарай кіші тармақтарғада бөлініп Келеді. Мысалы киім жобалауды «Пішу» дейді. Ал шетелдіктер мейлі құрлыс Жобаласын, мейлі киім жобаласын бәрін де «Дизайын» (design) деп айта береді. осы Тұрғыдан айтқанда шетелдіктер «Пішу» деген сөзді бізден термиін есебінде Қабылдағаны дұрс болар еді.

Қазақ жөбәгерлігндегі ұзындық Бірліктерінен кере қарыс, қарыс, сүйем, сынық сүйем, елі, тырнақтай, инедей, Иненің жасуындай дегендерді білеміз, демек қазақ жөбәгерлігіндегі осы күндегі Миллиметрге дейінгі дәлдікті бірлік еткені айдан айқын.

70-80 жылдары шыққан қазақша Кітәп болса, соның соңғы беттерін ақтарып көрсеңіз, мұқабасын жобалаған: пәлен Түген деген сөздер тұрады. Бұл «Жобалау» деген сөзіміздің баспасоз саласында Бертінге дейін қолданып келгендігін айғақтайды,

Быр ұлтты әлсірету, жоғалту Үшін оны өз болымысынан алшақтату керек болады. Оның ең өнімді амалы тілін Шұбарлау. Мысалға: жылқы, құлын, ат, бие, қымыз, арғымақ, тұлпар, шаша, жүген, Ноқта, тұсамыс, өмілдірік, құйысқан, ер, тоқым, қас, шідер, шылбыр дегейтін Жылқыға қатысты қазақи атауларды жоғалтып, оның орнына шетелден термиін Қабылдап қазақты жылқы мәдениетінен алшақтатып көрсетуге болады. Әлгі терминді Жаттап өскен жас ұрпақ жылқы туралы ойланғанда өз ата-бабасының жылқы жалында Өскенін елестете алмайды. «Жобалау» Дейтін қазақ сөзінің барын біле тұрып оған «Дизайын» сөзін термиін есебінде Қабылдау – Қазақтың жөбәгерлік мәдениетін, жүйеден кизүй мәдениетін, Ағашшылық, теміршілік, қайысшылық, қару-жарақ Мәдениетін солғындатып көрсетудің бір амалы екені бесенеден белгілі. «Дизайын» Ға құлағы үйір болған жас ұрпақ, ата-бабасының жобагер болғанын мойындамасын Дегені.

Аллаға шүкір, қазақ тілі Мемлекеттік тіл болды, қазақ тілді ұрпақтар қаулап өсіп келеді. Тілді Бұрмалап жүрген орыс тілді қауым қартайып барады. Қазақ тілі дәурен сүретін Күн әлі – Ақ жетіп келеді. Қазақ тілі мәңглік елдің мәңгілік тілі болып қала Береді.

Дизайн ағылшыншасы design, халықаралық термин. Сондықтан дизайн деп қолданған дұрыс деп ойлаймын.