Оңтүстік кореялық жас топтардың қайсысы ұнайды?

Оңтүстік Кореяда талпыныстары жоғары жас топтар көптеп пайда болады. Мәселен мен NU’EST тобын айтар едім. NU’EST (New East, кор. 뉴이스트; мағынасы — NU (жаңа), Establish (мойындалған), Style (стиль), Tempo (ритм) — бес адамнан құралған жас оңтүстік кореялық топ. Топ 2011 жылы құрылған. Ресми дебютіне дейін Pledis Boys деп аталған. Ресми емес дебюті 2011 жылы болды, ал ресми түрде 2012 жылдың 15 наурызында Face синглімен ел алдына шықты. Топ MBC Music арнасына Making of a Star NU’EST: Landing Operation деп аталатын өз реалити-шоуын шығарды.