2015 жылдың үздік 100 футболшысы

Ұлыбританияның танымал «The Guardian» басылымы 2015 жылдың үздік 100 футболшысының рейтингін жариялады. Рейтинг қорытындысы бойынша аргентиналық сұрмерген Лионель Месси үздік деп танылды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан басылым рейтингін түзуге әлемнің 49 елінен 123 футбол сарапшысы қатысқан. Жылдың ең үздік ойыншысы Лионель Месси болса, екінші орынға Криштиану Роналду орналасқан. Үштікті каталондық «Барселонаның» екінші бір ойыншысы Неймар түйіндеп тұр.
Айта кетейік, үш футболшы да 2015 жылғы «Алтын доптан» үміткер. Жеңімпаз 2016 жылдың 11 қаңтарында Цюрихте өтетін салтанатты кеште анықталатын болады. Өткен жылы «Алтын доп» пен «The Guardian» басылымының үздігі атану бақыты Криштиану Роналдуға бұйырған еді.