"Астана" футбол клубының ойыншылары қорқор тартып дауңа қалд

Биылғы Қазақстан Біріншілігінің үздігі, чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған "Астана" футбол клубының ойыншыларының басы дауға қалды. Бұл жолы "даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" емес, білгісіз бір демалыс орнындағы елордалық клубтың төрт ойыншысының қорқормен бірге жасаған селфиі. Джуниор Кабананга, Рохер Каньяс, Фокси Кетовоама және Бауыржан Жолшиевтың белгісіз бір кафедегі фотосы әлеуметтік желідегі жанкүйерлерінің ашу-ызасын қайнатты.
Бірі балаларының еліктеп келе жатқан ересектердің мұндай қылықтарының өрекел екенін жазса, енді бірі мұндай фотоларды жастар көрсе, онда зиян заттарды пайдаланып спортпен шұғылдануға болатынына көз жеткізе бастайды деген.
Естеріңізге сала кетсек 25 қараша күні Астана чемпиондар лигасының топтық кезеңінің ойындары қарсаңында португалдық "Бенфико" футбол клубымен ойнайды.