Гвардиола армандаған құраманың тізімінде кімдер бар?

Жасыл алаңда түрлі тактиканы ойыншыларына үйретіп, қарсыласын қайткен күнде де күйретуді ойлайтын Гвардиола сынды бапкердің өз командасынан кімдерді көргісі келетіні футбол сүйер қауым үшін қызық болып тұрғаны айтпасақ та белгілі.
Тики-така тактикасын ойлап тауып, "Барселона" футбол клубына талай кубокты жеңіп берген Хосеп Гвардиола Испания мен Германияның үздік командаларын жаттықтырған бапкер өз қақпасын "Бавариялық" Ноейерге тапсыруды жөн деп санаған екен. Алаба, Пуйоль, Пике, Даниэл Алвес, қорғаушы қызметін атқарса бұдан артық тосқауылдың да жоғы белгілі. Себебі бұл жігіттер каталониялық клуб пен мюнхендіктердің сапында ерекше көзге түсуде. Ал, Иньеста, Хаби Алонсо және Хави, бүгінгі күнде қорғаныста да, шабуылда да есесін жібермейтін ойыншылар. Бір қызығы Пептің көзіне африкалық Это'О ерекше түскен секілді. Себебі камерундықпен қатар доп теуіп талай турнирде топ жарған Роналду мен Рауль, Фигу мен Роналдиньюлардың бұл тізімнен табылмауы таңқалатын жағдай. Ал осы бір жігітке сенімді серік қылып аргентиналық сұрмерген Месси мен қызғалдақтар елінің мықты ойыншыларының бірі Арьен Роббен болды.