Архимедтің өлімі туралы ақпарат бар ма?

Жау қаланың ішіне басып кірген болатын. Топыраққа сызбалар сызып, қалың ойдың үстінде отырған ол қала ішіндегі жағдайдан бейхабар еді. Осы кезде Рим жауынгер оның сызбаларының үстінен басып өте шығады. Ашуға булыққан ол әлгі жауынгерге: «Менің жазбаларыма тиіспе!» деп айқайлайды. Бұл – оның соңғы сызбасы еді. Бұл сызба ол үшін өмірінен де қымбат еді. Бұл сызбалар жаңалықтың бастауы не жаңа инженерлік жобаның үлгісі болар ма еді? Ол адамзат тарихындағы үлкен жұмбақ болып қала береді. Жау кемесін айнамен қалай өртегені, көп саннан квадраттық түбірді қалай тапқаны секілді бұл да үлкен құпияға айналды.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/33567/