Ғалымдар Леонардо да Винчидің қалай қаза тапқанын анықтады

Итальяндық суретші инсульттан қаза тапты, деп хабарлады Discovery порталында. Мамандар замандастарының естеліктері бойынша суретші, ғалымның өмір күнделігін қалыптастырып, осындай тұжырым жасады.

65 жасында Леонардо да Винчидің оң қолы жансызданған көрінеді. Дәрігерлердің айтуынша, ол алғашқы инсульттан кейін орын алған. Мамандар 1519 жылы екінші рет инсульт алған суретші қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлады РСН.

Айта кетейік, Да Винчи XV ғасырдың екінші жартысы - XVІ ғасыр басында өмір сүрген. Ол Қайта өрлеу дәуірінің ең жарқын тұлғаларының бірі саналады.