Александр Македонский туралы не білеміз?

Александр Македонский жеңбеген бірде-бір жау болмады. Ол алмаған бірде-бір қала болмады. Ол бағындырмаған бірде-бір қала болмады.

Юстин, рим тарихшысы

Мені Ұлы Александр несімен таңғалдырады? Бұл – оның саяси инстинкті. Оның Амонға бас июі мәні терең саяси әрекет болды. Сол арқылы ол Египетті жаулап алды.

Наполеон Бонапарт, Францияның мемлекет қайраткері

Шығыс халықтарына Александр жорықтарының шын мәні беймәлім болды. Александрдың грек мемлекетін талқандап, халқын тәуелді еткеніне, оның жорықтары Шығыс елдерін ойрандап, мәдениет қазыналарын жойғанына шығыс ақындары мән бере қоймады. Сондықтан да нағыз Александр тез ұмытылып, аңыздар мен ертегілер тұманында ғайып болды. Александрды өнегелі бақарушы етіп суреттеу дәстүрі қалыптасты.

Евгений Бертельс, шығыстанушы

Александр Македонский – белгісіз жерлерге мақтанқұмарлық пен қатыгездік қуып апарған, барлығын өзіне бағындыруға тырысқан бақытсыз адам. Әйтпесе, ғылымдар арқылы «ол түкке тұрмайтын бөліктерін ғана жаулап алған жер неткен кішкентай» екенін білуі керек еді.

Сенека, рим философы, ақын

...Сосын қарғысқа ұшыраған және лас Зұлым рух адамдардың өз сеніміне күмән келтіруі үшін Египетте қарасын көрсеткен Александрды Иранға оны қаңыратып, үрей тудыру үшін жіберді. Діни кітаптарды, соның ішінде арнайы дайындалған өгіз терілеріне алтын әріптермен жазылған «Авеста» мен «Зендті» дәл сол египеттік оңбаған, күнәһар, залым Александр жинап алып, өртеп жіберді.

Фердауси, шығыс ақыны