Форум Massaget.kz • Просмотр темы - "Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі құмар ойыншы болғанын жасы

"Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі құмар ойыншы болғанын жасы

Музыка

"Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі құмар ойыншы болғанын жасы

Хабарлама Жас Исакаев » 28 ақпан 2016, 18:30

«Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі Нұрлан Әмір 31 арнаның «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында бір кездері құмар ойыншы болғанын жасырмай айтты, деп хабарлайды Baistars.kz.

«Оған бір құмарланғаннан кейін сені басқа ештеңе қызықтырмайды. Үй шаруасы, ата-анаң, әйелің, ештеңе қызықтырмайды. Тек қана сонда баруды ойлап тұрасың. Соған жетсем екен деп тұрасың. Сені сонда апаратын көлік кешігіп келсе, тіпті сонымен жауласасың» — дейді әнші құмар ойыншының сезімін жеткізуге тырысып.

Әншінің 10 жыл бұрын, танымалдылығы шарықтап тұрған кезінде Алматының қақ ортасында 105 000$ -лық қымбат баспана мен 50 000$-лық көлігі болыпты. Алайда, әнші дүние-мүлкінің бәрін ойынханада ұтылып қалған. Тіпті осының кесірінен ішімдікке де салынған.

«Досты жоғалтасың, ішкі қызғанышың өршіп, адамдарды жеккөре бастайсың, орта саған керек емес болып қалады» — дейді әнші.

Ойын құмарлықтан емделген әнші, 10 жылдан соң сахнаға қайта оралып, Мұрат Қожамен қайта бірігіп дуэтті жаңғыртты. Биыл дуэттің жиырма жылдық мерейтойына орай дуэт күзде шоу-концерт ұйымдастырмақшы.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Музыка

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1