Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Б. Шадаева. Жаңа жыл әнінің тексті

Б. Шадаева. Жаңа жыл әнінің тексті

Музыка

Б. Шадаева. Жаңа жыл әнінің тексті

Хабарлама Гүлжанар Жарқынбекқызы » 21 желтоқсан 2015, 09:48

Қош келдің жаңа жылым қазағыма,
Қайранмын дүниенің ғажабына.
Көндірген бейнетімен азабына,
Қош келдің жаңа жылым қазағыма.

Қайырмасы

Белін бекем буған елім,
Бақ дәулетке тұнған елім.
Құтты болсын, кұтты болсын,
Жаңа жылым туған елім.

Қош келдің жаңа жылым даламызға,
Қайнаған туған жерім анамызға.
Жыл келді , той тойланды арамызда,
Қош келдің жаңа жылым даламызға.

Қайырмасы
Белін бекем буған елім,
Бақ дәулетке тұнған елім.
Құтты болсын, кұтты болсын,
Жаңа жылым туған елім.

Қош келдің жаңа жылым бағымызға,
Үмітті сәуле бердің жанымызға.
Қуаныш күйі ойнайды қанымызда,
Қош келдің жаңа жылым бағымызға.

Қайырмасы
Белін бекем буған елім,
Бақ дәулетке тұнған елім.
Құтты болсын, кұтты болсын,
Жаңа жылым туған елім
Гүлжанар Жарқынбекқызы
 
Хабарлама: 309
Тіркелді: 14 сәуір 2014, 14:48

Оралу: Музыка

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1