Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Көк тудың желбірегені. Текст

Көк тудың желбірегені. Текст

Музыка

Көк тудың желбірегені. Текст

Хабарлама Маусымжан Қайрат » 10 желтоқсан 2015, 21:11

Көк тудың желбірегені —
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.
Көк тудың желбірегені —
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көк тудың желбірегені.
Көк тудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.
Көк тудың желбірегені —
бақыттың елжірегені,
қиырда қалған Қазақтың
Азат отанға жете алмай
көзінің мөлдірегені.
Маусымжан Қайрат
 
Хабарлама: 75
Тіркелді: 04 желтоқсан 2015, 17:25

Оралу: Музыка

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1