Маржан Арапбаева"Жұлдыз FМ" радиосына қонаққа келеді

Ертең, яғни 11 желтоқсан күні "Жұлдыз FМ" радиосына танымал әнші Маржан Арапбаева қонаққа келеді.

Сағат таңғы 8 бен 10 аралығында "Таңғы шоу" бағдарламасына қазақ эстрадасының танымал әншісі Маржан Арапбаева келеді. Маржанды көпшілік «Жас Қанат», «Азия дауысы», «Славян базары» және т.с.с. халықаралық байқаулардың жүлдегері ретінде ғана емес, «Тек алға», «Қазақ елі осындай» секілді рухты әндердің орындаушысы ретінде бағалап, кеңінен таниды.

Құрметті оқырман, Маржанға қояр сұрақтарыңыз бен айтар тілектеріңіз болса, сағат 8 бен 10 аралығында болатын "Таңғы шоу" бағдарламасын жіберіп алмаңыздар!