Диана Шарапова Сергей Зверевке қазақша ән айтуды үйретті

«Жыл әншісі» атанған, «Голос» шоуының қатысушысы Диана Шарапова Сергей Зверевке қазақша ән айтуды үйретті. Желтоқсанның 1 - күні бейнебаянның орыс тілдегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Бір апта өткен соң әншілер бейнебаянның қазақ тіліндегі түпнұсқасын жарыққа шығарды. Бұл әннің авторы Қостанайлық ақын Еркін Суюбаев.

Сергей Зверев:

«Сіздер білесіздер ме, бұл мен үшін оңай болған жоқ. Мен апта бойы әннің қазақша нұсқасын тындап, жаттадым. Әнді жазуға студияға келгенде, мен жан-тәніммен қиындықты сездім. Мен қазақ алфавитінің әріптері орыс алфавитінен өзгеше екенін ұқтым. Осының бәрі басында маған оңай соққан жоқ, бірақ мен соңында қазақ алфавитіндегі Ң әріпін Н әріпінен, Ө әріпін О әріпінен айыруды үйрендім. Мен үшін ең қиыны - осы шумақты айту болды:

Қара көзім ,әлі есімде

Жаным-ау айтқан сөзің,

Кінәлісің бәріне енді өзің
Шын көрдің бе жаным-ау,

Жұрттың айтқан жалған сөзін.

Ал әннің қайырмасын айту маған оңайға түсті. Қазір қайда жүрсем де, осы қайырманы ыңылдап айтып жүремін:

«Ол-олай түсінбейді неге-ай ол мені-ай
Түсінбейді неге-ай ол менің ішкі сыры-ы-ы-ымды-ай»

Диана Шарапова:

«Сергей берген тапсырманы үздік орындап шықты. Қазақ сөздерің дұрыс айту үшін өте көп еңбектенді және өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. Сергейдің репертуарында шешен, украин, грузин, ағылшын тілдерінде әндер бар, енді оған қазақ тіліндегі ән қосылды. Ол өте талантты жан. Біздің Сергей екеуміздін бірге айтқан жаңа жылдық көңілді әніміз қазақстандық көрермендерге ұнайды деп сенемін».

«Сергей Зверев бізге бейнебаян түсіруге ұсыныс жасады, өйткені Диананың дауысы оған өте ұнаған еді. Сергейдің балалық шағы Қазақстанда, Өскемен қаласында өткен.Бiзге дейiнгi Ресей жұлдыздарымен жазылған дуэттерде ешқашан қазақ тiлiнде әндер айтылған жоқ. Бiздiң жағдайымызда мұндай жайт бiрiншi рет орын алды. Әрине, Сергей Зверев сияқты танымал жұлдызды қазақ тiлiнде ән айтуға көндiру бiзге оңайға түскен жоқ. Біз жақын арада қазақстандықтар үшін үлкен концерт берсек деген ойымыз бар. Бұл әнді жазудағы бiздiң мақсатымыз - қазақ тiлiн өзге мемлекеттерге насихаттау басты мәселе болып табылады», - дейді әншінің продюсері Роман Миронов.