Ұлықпан Жолдасов концерт өткізеді

Әнші, әрі музыкант Ұлықпан Жолдасов өзінің туған жерінде жуырда концерт бергелі жатыр. Онда қызы Фарида және Бердібек Құлғараев өнер көрсетеді. Бұл өнер иелерінің жерлестеріне тәуелсіздік күніне орай жасалып отырған сыйы. 17-сі күні бір емес, қос бірдей кеш өткізеді. Дегенмен Ұлықпан мырза айтулы шараға ертерек дайындалып қойған секілді. Себебі қазір ол өзі иелік ететін «Самал» тобына бейнебаян түсіруге дайындалып жүр. Жуық арада түсірілетін бейнеклипте Жолдасов мырза да бой көрсетеді. Ендеше біз оны асыға күтеміз. Ал Ақтау тұрғындары қызықты концерттен керемет әсерде қайтады деген сенімдеміз.