Баян Есентаеваның жаңа жобасының тұсауы кесіледі

Қарашаның 30 жұлдызында алғаш рет, тек «Қазақстан» арнасында «Түнгі студияда» Баян Есентаева өзінің жаңа ер балалардан құралған музыкалық тобымен таныстырмақ.
Халықтың сүйікті тележүргізушісі және продюсері Баян Есентаева осыдан біраз уақыт бұрын ерлер құрамынан тұратын музыкалық топқа продюсерлік етуді бастаған болатын. Бірақ осы күнге дейін баршамызға жаңа топтың құрамы жайында ақпарат беймәлім болды.
Осы кеште Баян өзінің жаңа тобымен көрермендер алдында арнайы «Түнгі студия» бағдарламасы үшін өзін ерекше стилімен таңқалдырмақ. Баян Есентаева жаңа топтың шығармашылығымен жақын арада таныстыратынына уәде берді.