Театрға кіммен барғанды дұрыс көресіз?

Театрға кіммен барғанды дұрыс көресіз? Достармен ба, топпен ба, әріптестермен бе, әлді сүйіктіңізбен бе? :)

Ассалаумағалейкүм! Жалпы, театрға сана-сезімі әртүрлі адамдар тобы барады. Көбінде-көп, театрға барып, катарсис болуды мақсат тұтқан ниеттілер барады. Кейбіреулері жәй ғана, мәдениет деген осы екен деп, театрға барсаң болды, мәдениетті болып есептелесің деген оймен барады. Негізінде, пьеса болсын, кино болсын, музыка болсын - барлығы да әдебиеттен тарайды. Ал әдебиет - адамтану өнері. Әдебиет адамға не пайдасын тигізеді, не зиянын. Әрине, бұл нәрсе адамдардың сол нәрсені қабылдауына байланысты болмақ. Драматургтің де мақсаты - халыққа катарсис сыйлау емес, халықты жақсылыққа шақыру, жамандықтан жирендіру, адамгершілікке итермелеу, т.б. Кейде керемет пьесаның идеясын түсінбейтін жандар кездесіп жатады. Жалпы, театрға жалғыз барсаң да, біреумен барсаң да - қойылатын қойылым қойылады. Бірақ сол пьесаны көріп болған соң, оны талқылайтын, содан нәтиже шығаратын пендемен барған дұрыс деп ойлаймын. Елімізде драматургия саласы, сірә, керемет дамымаған. Әйтпесе, халық та пьесалардың мәтінін оқитын болса екен. Мен көбінесе көрген пьесамды мәтінімен салыстыруға тырысамын. Дулат көкенің пьесаларының мәтінін оқып-ақ, катарсис боп, театрда көргенде, рухани ләззат ала алмай қалған кездерім болды.
Кіммен болса да, көп сөйлемейтін, қойылым кезінде түсінбеген жерлерін сұрап мазаны алмайтын адамдармен барғанды ұнатам)))
Әрине қызбен
Әйелім екеуміз барамыз әрине.