Кәріс дорамаларының фанаттары бар ма?

Соңғы үздік кәріс дорамалардың тізімі бар ма?

Иә, бар.
Хваран: Пак Со Джун, Пак Хен Щик және МинХо есімді Оңтүстік Кореяның үздік актерлерінің басын біріктірген бұл дорамадағы оқиға Джинхен (570-576) патшаның дәуірінен сыр шертеді. Силла деп аталатын мықты патшалықты көркейтуге атсалысқан хварандар (әскери-ғалымдар) халыққа сұлулығымен танымал болған.

Шеф Ким: Романтика жанрын жаныңыз сүймейтін болса, мына дораманы көруге кеңес береміз. Бұл кәріс сериалында үлкен компанияда болып жатқан құйтырқы әрекеттер мен бастықтардың өктем әрекеті ашық көрсетіледі. Адамдардың бас пайдасы үшін өзгенің өмірімен оңай ойнай алатыны да көрінеді. Компанияны құлдыраудан сақтаған басты кейіпкердің ақылы мен әркез көтеріңкі жүретін көңіл-күйіне бір сүйсініп аласыз.

Толығырақ:https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/kino/50879/