Жерар Депарьде өзінің мұсылман екенін мәлімдеді

Атақты француздық актер Жерар Депарьде өзінің ислам дінін қабылдағанын мәлімдеді. Ол мұны «Книязь» деп аталатын кітабында толық баяндаған.
Танымал өнер шебері аталған туындысында өзінің діни қөзқарасы мен сенімі жайында егжей-тегжейлі әңгімелеп береді. Оның баяндауынша, исламға деген қызығушылығын алғаш рет Египет әншісі Умм Кульсум оятқан.
Әнші әйелдің Құран сүрелерін түгелге жуық әдемі әуезді дауыспен жатқа айтып шыққаны актерге қатты әсер еткен.
Депарьденің айтуынша, ол соңғы екі жылдан бері күніне бес мезгіл намаз оқып, мешітке барып тұрады.