Атаманның ақыры фильмі туралы

"Атаманның ақыры" - көркем фильм. 1970 ж. "Қазақфильм" киностудиясында түсірілді. Сценарийін жазған - А.С. Михалков-Кончаловский мен Э.А.Тропинин (Маркаров), режиссері Ш.Айманов, операторы A.Ашрапов, суретшісі В.А. Леднов, композиторы Е.Рахмадиев. "Атаманның ақыры" - детектив жанрында түсірілген екі сериялы тұңғыш қазақ фильмі. Фильмнің негізгі тақырыбы - отаншылдық. Басты рольдерде А.Әшімов (Шадияров), Н.Жантөрин (Абылайханов), B.И. Стржельчик (атаман Дутов), В.А. Авдюшко (Ион), т.б. ойнады. 1972 ж. осы фильм үшін Михалков-Кончаловскийге, Тропининге және Әшімовке Қазақстан мемлекеттік сыйлығы берілді.

Атаманның ақыры (конец атамана)
Жанры: атыс-шабыс фильм
Режиссёрі: Шәкен Айманов
Сценарийдің авторы : Андрей Кончаловский Эдуард Тропинин Андрей Тарковский
Басты рөлдерде: Асанәлі Әшімұлы, Виктор Авдюшко, Владислав Стржельчик, Борис Иванов
Операторы: Асхат Ашрапов
Кинокомпания: Қазақфильм
Ұзақтығы: 145 минут
Мемлекет: КСРО
Тілі: орысша
Шыққан жылы: 1970