Жас түлек! Таңдау пәні:дүние жүзі тарихы. Мәдениеттану ҚазҰУ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Философия және саясаттану факультеті. Дінтану және мәдениеттану кафедрасы. Таңдау пәні : дүние жүзі тарихы. «Мәдениеттану» мамандығы бойынша білім берудің барлық академиялық сатысы бойынша дайындалады: 1)бакалавр,
2) магистратура, 3)Ph.D докторантура .
Оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізіледі. Мәдениеттанушылар өз кезегінде өнертанушы, мұражайлар мен ұлттық мәдениет орталықтарында кеңесші қызметін атқарады. Мәдениет саласымен тығыз қатынастағы ұйымдарда маман ретінде жұмыс істей алады.
«Мәдениеттану» мандығында білім алатын студенттер:
- әлеуметтік-мәдени іс-әрекет;
- мәдениеттегі менеджмент;
- өнертану;
- тарихи мәдениеттану;
- теориялық мәдениеттану;
- мәдени антропология;
- мәдениет философиясы бағытары бойынша арнайы дайындықтан өтіп, кәсіби біліктілік жинақтайды.
Біздің түлектер төмендегі салалар бойынша қызмет атқара алады:
- мәдениет министрлігінде;
- әкімшілік қарамағындағы мәдениет департаментінде;
- мәдени саясат және өнертану институтында;
- PR-агенттік және турагенттіктерде;
- ұлттық-мәдени орталықтарда; - жоғарғы оқу орындарында, колледжде;
- мәдени-әлеуметтік қорларда, мәдени туризмдегі менеджмент;
- мәдени кәсіби мекемелерде (арт-галереи, киностудия, театр, музеи);
- БАҚ саласында (теледидар, радиостанця, газет, журнал) және т.б.
Оқу үздіктері өз білімдерін магистратурада және байланыс орнатылған шетел университеттерінде жалғастыра алады. Магистратурадан кейін, PhD-де оқумен қатар кандидаттық және доктрлық ғылыми дәрежесі беріледі.
Факультетте шетел тілін үйренуге мүмкіндіктер бар, шет елдердің белгілі ЖОО-дарында “Болашақ” бағарламасы бойынша оқуға жағдай жасалған.

Бұл мамандыққа түскеннен кейін кім болып жұмыс істеуге болады?