Telegram мессенджерінде қазақстандық жұлдыздар бейнеленген с

Telegram мессенджерінде қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздары бейнеленген стикерлер пайда болды.

Отандық танымал тұлғалардың суреттері igraphic.kz дизайн-бюросының арт-директоры Владимир Лукашовтың және ресейлік танымал дизайнер Анастасия Ахметзянованың жетекшілігімен салынды. "Біз барлығы 10 қазақстандыққа арнап стикерлер шығардық, олардың арасында Илья Ильин, Баян Есентаева, Геннадий Головкин, Қайрат Нұртас, Сабина Алтынбекова, Әлішер Елікбаев және басқалар бар. Телеграммада оларды стандартты "смайлдарға" ауыстыруға болады", − деді дизайн-бюро директоры Бағлан Айдашов. Бұл жобаның басты мақсаты қазақстандықтардың танымалдығын шетелдік тұтынушылар арасында арттыра түсу.


Әлішер Елікбаев және Баян Есентаева


МС Сайлаубек және Геннадий Головкин


Сабина Алтынбекова және Фархад Әбдірайымов

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматылық дизайнерлер қазақстандық тарихи тұлғалардың мотивациялық суреттерін жасап шығарды. Ол кезде бес тұлғаның суреті салынды - Мұхтар Әуезовтің, Тоқтар Әубәкіровтің, Қаныш Сәтбаевтың, Бауыржан Момышұлының және Әбілхан Қастеевтің, олардың әрқайсысының астында қазақстандық жастарға арналған уәждемелі мәтіндер бар. Жоба шеңберінде Telegram-ға арналған стикерлер жасалды, ол жастар арасында кеңінен таралатын болады.


Илья Ильин және Әнуар Нұрпейісов