Қала күні аясындағы іс-шаралар жоспары

Қала күні аясындағы іс-шаралар жоспары

Оркестрлік музыка фестивалі «Оркестрлер шеруі» және «ArtbatFest 6» заманауи өнер фестивалі

Мерекені алматылықтарға танымал әрі жұрттың ықыласына бөленген «Оркестрлер шеруі» ашады, ол Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында 25 – 27 тамыз аралығында өтеді. Мұнан соң, көпшілікке белгілі ArtbatFest басталады, ол қаланы « Жер тынысы» - «Воздух Земли» деген атпен топтастырылған заманауи өнер шығармаларымен, қазіргі қазақстандық және шет ел суретшілерінің туындыларымен көркейтпек. ArtbatFest бір айдан соң аяқталады.

«I loveAlmaty» үздік арт-нысандарының қалалық байқауы

15 тамыз күні Алматы қаласының Қала күні символын жасаудың байқауы жарияланды. Байқауға тілек білдірушілердің барлығы да қатыса алады. Символ Қала күнін айшықтайтын негізгі элементтердің бірі болмақ, әрі арт-нысан жасаушы I loveAlmaty сөзін кез келген тілде қолдана алады. Жеңімпаз ірі көлемдегі ақшалай сыйлықпен марапатталмақ, ал екінші және үшінші орынды иеленгендер LED телевизор мен музыкалық орталыққа қол жеткізеді. Байқау шарттарын www.almatymadeniet.kz сайтынан білуге болады

«Қарбыз фестивалі», AppleQest – «Алматының аңыздары мен әпсаналары» атты қалалықтар үшін ойын түріндегі формат және «Метродағы музыка» жер асты орнындағы концерттер. Көптеген іс-шаралардың ішіндегі «Қарбыз фестивалі» 29 тамыз күні Қазақ халық музыка аспаптары мұражайының алдындағы алаңда өтеді; Алматының жер асты орнындағы концерттер

«Метродағы музыка» (7-15 қыркүйек); қалалықтарға арналған AppleQest – «Алматының аңыздары мен әпсаналары» (тапсырыс жинау 7 - 12 қыркүйек аралығында, ал ойынның өзі 13 қыркүйекте өтеді ). Ойынның қатысушыларына Алматы музейлеріндегі бірқатар тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруге, кілтін тауып, сұрақ-жауаптың шешуін шешуге тура келеді.

Алматы туралы «Алматым жүрегімде» атты қалалық ән байқауы

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы жыл сайынғы «Алматым жүрегімде» ән байқауына тапсырыс қабылдау туралы хабарландырып та қойғанын асыға жеткізгіміз келеді. Байқау қорытындысы 5 қыркүйек күні Мәдениет және демалыс саябағында орналасқан «Шабыт» жазғы театрының сахнасында өтеді. Тапсырысты барлық тілек білдірушілер бере алады (18-ден 30 жасқа дейінгілер). Байқау мақсаты: қала туралы жаңа әнды табу, ол қаланың заманауи келбетін айқындауы тиіс. Байқаудағы жеңіс үшін жыл сайын ең басты жүлде – автомобиль. Тапсырыс қабылдау мәселелері туралы барлық тілек білдірушілер Алматы қаласының Мәдениет басқармасына хабарласуларына болады, тел. 272-22-08 (4 қабат, 466 кабинет).

Байқау туралы ақпарат мына әлеуметтік желілерде:

https://vk.com/almatymjuregimde

https://www.facebook.com/groups/Almatym ... e/?fref=ts



«Алтын қалам» әдеби фестивалі және KALAMGER.KZ сайтының іске қосылуы

15 тамызда «Алтын қалам» әдеби фестивалі басталды және қазақстандық жазушылар мен ақындар үшін KALAMGER.KZ интернет-алаңшасы жұмыс істей бастады. Бұдан басқа, Қала күні аясында «KITAP FEST» кітап фестивалі, «Алматы - оқырмандар қаласы», « Әлемнің кілті - кітапта», «Алматының атақты адамдары кітап және кітап оқу туралы» акциялары және «Алматымды жырлаймын» атты тақырыптық кітапханалық іс-шаралар өтеді.

Екінші қазақстандық музыка фестивалі «Gakku Даусы»

12 қыркүйек күні «Астана» алаңында Gakku ТV телеканалының екінші фестивалі – «GakkuДаусы» өтеді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтары отандық эстрада үздіктері мен жас әртістер қатысқан жеті сағаттық музыкалық марафонға тәнті болған еді. Фестивальді ұйымдастырушылар алматылықтардың жасы мен кәрісін бір ғана музыка мерекесінде бірнеше сағат бойы ұйыстыра алған тамаша сәтті тағы да бір рет қайталауға уәде беріп отыр

Еуразиялық музыка сыйлығы ЕМА-2015

19 қыркүйек күні «Сұңқар» Халықаралық спорт кешенінде Muzzone телеканалының IV ЕМА-2015 Еуразиялық музыка сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі болады. Еске сала кетейік, 2015 жылдың 1 мамырында ЕМА-2015 номинанттары үшін 10 номинациядағы халықтық дауыс беру ресми түрде басталып кеткен еді. Мәреге жеткендердің талантын сарапшылар кеңесі бағалайтын болады, олар оны салтанатты рәсім кезінде жария етпек. Алматылықтарды қайталанбас ғажайып шоу күтіп тұр.

"Еуразия" Халықаралық кинофестивалі алматылық «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалімен бірге

Келе жатқан Қала күні – ерекше. Тіпті таңғажайып деп те айтуға болады. Мереке аясында "Еуразия" ХКФ мен «Шәкен жұлдыздары» ХКФ өзара бірігіп, ұйымдастырушылар комитеті кинофестивальді бірге өткізеді. Байқауға қатысқан жұмыстар «Kinopark» кинотеатрлар желісінде 19-25 қыркүйек аралығында көрсетіледі. Қызыл кілем үстімен әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың жүріп өтуі де назардан тыс қалмайды.

Қалалық дәстүрлі алма фестивалі «AppleFest», Сайран көліндегі «Біздің Сайран!» атты мерекелік іс-шаралар

Қыркүйектің үшінші жексенбісінде, атап айтқанда, 20 қыркүйек күні, дәстүр бойынша Алматыда бірқатар ірі көлемдегі іс-шаралар өтеді. Солардың ішіндегі ауыз толтырып айта жүрерлігі – AppleFest (Тұңғыш Президент саябағында), мұндағы алма жәрмеңкесі, концерттер мен көрме алаңдары, хош иісі мұрын жарған дәм жәрмеңкесі, «Тек сенің қалаң – бірегей...» («Твой город – он один такой…») халықтық фотокөрменің премьерасы, түрлі демалыс аймақтары мен көңіл көтерулер алматылықтардың кәрісі мен жасының көңілінен шығары сөзсіз. Еске сала кетейік, былтырғы жылы облыстардан келген шаруа және фермерлік шаруашылықтар AppleFest-те түске дейін-ақ түрлі сұрыптағы 40 тоннадан астам алма сатып үлгерген. Биылғы жылы Apple базарына алуан сұрыпты 100 тонна алма жеткізілмекші, соның ішінде атақты Алматы апорты да бар.

Сондай-ақ, 20 қыркүйекте Алматы хайуанаттар бағында «ZOO» мұрасы» акциясы өтеді. Мерекенің жаңа алаңының бірі Сайран көлі, мұнда балаларға арналған және спорттық іс-шаралар өтеді, ал кешке қонақтар мен тұрғындар судағы ғажайып мерекелік лазерлік отшашудың куәсі болмақ.

IVХалықаралық қуыршақ карнавалы

20-26 қыркүйек аралығында Алматының Мемлекеттік қуыршақ театрында IV Халықаралық қуыршақ карнавалы өтеді. Халықаралық қуыршақ карнавалы – балалар мен олардың ата-аналары асыға күтетін көркем және қызықты оқиға, өйткені отандық үздік қуыршақ спектакльдері мен әлемнің 6 елінен келетін шетелдік театрлардың қойылымдары сахнаға шығады. Фестиваль аясында Мемлекеттік қуыршақ театрының жаңа қойылымы – «Алтын Адам» спектаклінің премьерасы өтеді, ол театрдың 80 жылдық мерейтойы мен Қазақ хандығының 550- жылдығына арналған.

Кинофестиваль «Бастау»

Студенттік кинофильмдердің V Халықаралық кинофестивалі мен «Бастау» киномектебі қазанда Қала күні аясына бірікккен іс-шаралар циклын аяқтайды. Жаңа буын кинематографистерінің байқауға қатысқан жұмыстарын күндізгі мезгілде Алматы кинотеатрларынан көруге болады.

Junaio-ны жүктеңіз

Қала әкімдігі алматылықтар мен қала қонақтарына ыңғайлы қазіргі заманғы толыққанды мобильді Junaio браузерін жүктеуді ұсынады, ол сізді Қала күніне орайластырылған іс-шаралар жарнамалары туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл тез және қарапайым түрде қажетті оқиғалар мен пайдалы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сіз бар болғаны үш қарапайым әрекет жасайсыз:

1. Қосымшаны өз смартфоныңызға орнатасыз.

2. Қосымшаны ашып, Қала күні лейблін арнайы Junaio стикерімен басасыз.

3. Іс-шаралар жарнамасына қол жеткізесіз!

Мерекенің барлық кезеңінде қалалықтар көптеген концерттерге, фестивальдерге, театр премьераларына, жәрмеңкелер мен ашық аспан астындағы тегін кино көрсетілімдеріне бара алады (тиісті алаңшалар қаланың барлық аудандарында орнатылатын болады). Ресейдің Халық әртісі Чулпан Хаматованың «Уақыт өткізу» атты шығармашылық кеші айтулы оқиғаның бірі болмақ (17,18 қыркүйек, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы). Қала күнінің осындай кең көлемдегі бағдарламасы кезінде Junaio өте қажет!

Афиша дня города Алматы