Аяқ күтімі

Әйел адамның аяғына қаншалықты көп күш түсетіні белгілі. Көп жағдайда нәзік жандылар ауыр-ауыр жұмыстарды мойнына алып жатады. Нәтижесінде ағзаға жүк түсіп, әсіресе аяққа ауыр тиеді. Әйелдің көңіл-күйі мен белсенділігі аяғының жағдайына да байланысты. Қандай жағдай болмасын, жұмыс уақыты аяқталған соң дене толық демалуға мүмкіндік беру керек. Демалтуды аяқтан бастап, оған тұзды ванна дайындауға болады.

Аяққа арналған тұзды ваннаның пайдасы

Тұзды ванна босаңсыту мен тыныштандырудан басқа, басты пайдасының бірі – ісікті басады. Жұмыс жасайтын адамдар үшін аяқтың ісінуі үйреншікті жағдайға айналады. Егер немқұрайлы қараса, айтарлықтай зияны болуы мүмкін. Аяққа арналған ваннаның тағы бір пайдасы аяқтың қатты терлеуі кезінде көмектеседі. Тұзды ваннаны 2-3 рет қабылдаған соң, аяқ қажауын да кетіреді. Аяққа тұзды ваннаны қолданып болған соң, аяқ терісі жұмсара бастайды.

Аяққа арналған тұзды ваннаның негізгі принциптері

Аяққа арналған тұзды ваннаның дәстүрлі рецебі тұз бен суды ғана қолдануға негізделген. 200 грамм теңіз тұзын ыстық суда еріту қажет. Ваннаға 9-10 минут аяқты салып, аяқтағы тұзды сумен шайып кетірмей сүрту қажет. Содан соң, аяғыңызды қозғамай, 20-30 минут жатып демалыңыз. Одан басқа әртүрлі ингредиенттер қосу арқылы жасалатын аяққа арналған тұзды ваннаның түрі көп. Суға не қосуына байланысты әсері де әртүрлі болады.