Ұлттық саябақ дегеніміз не?

Ұлттық саябақ дегеніміз – тарихи, ғылыми және демалу мақсатына арналған өсімдіктер мен жануарлардың және табиғи ландшафтардың қоршалған жері. Ұлттық саябаққа – ұлттық қорықтар үшін сақталған жерлер, теңіз саябағы, жергілікті саябақтар, тарихи жерлер, биосфера қорығы, әлемдік мұра тізіміне енген жерлер жатады. Кез келген елде ұлттық саябақ бар. Атақты ұлттық саябақтар қатарына мыналар кіреді: Америкадағы «Йеллоустоун» ұлттық саябағы, Лондондағы «Зоологиялық саябақ», Калькуттадағы «Ұлттық зоологиялық саябақ», Финляндиядағы «Коли» ұлттық саябағы, солтүстік Африкадағы «Виргиндік» ұлттық саябағы, «Кару» ұлттық саябағы, Үндістандағы Джим Корбетт атындағы ұлттық саябақ және «Гир» ұлттық саябағы. Ұлттық саябақтармен салыстырғанда, бақтар бір шама салқын, көңілге жағымды және тыныштық үшін жасалған. Ол жерлерде хош иістің таралуы немесе әсемдік үшін әртүрлі гүлдер мен нақыштарды, хош иісті өсімдіктерді отырғызады. Атақты бақтарға мыналар жатады: Үндістандағы «Нишат Багх» бағы, Лондондағы «Патша бақтары», Мексикадағы «Сочимилко» бақтары және Қытайдағы «Қытайлық классикалық бақ». Бүгінде көптеген бақтар құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау үшін салынады.