Қазақстан мен Куба азаматтардың визасыз сапары жөнінде келіс

Қазақстан мен Куба азаматтардың визасыз қысқа мерзімді сапары жөнінде келісім жасасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.

16 желтоқсанда Гаванада Қазақстанның Кубадағы елшісі Константин Жигалов пен Куба сыртқы істер министрінің орынбарасы Рохелио Сиерра Қазақстан мен Куба азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапары жөнінде үкіметаралық келісіміне қол қойды.

"Тараптардың ортақ пікірі бойынша, визасыз режимді ырықтандыру адамдар арасындағы байланыстың нығаюына, туристер ағымының өсуіне, сонымен қатар, екі ел арасындағы экономикалық байланыстың күшеюіне ықпал етеді", - делінген ведомствоның хабарламасында.