Менің сүйікті қалам!

Қазақстандағы өзіңізге ұнайтын қалалар туралы сыр шертіңіз? Сіздің махаббатыңызды оятқан ерекшеліктерімен бөлісіңіз!

Шет елге шыққанымда адамдар Қазақстан деген мемлекетті білмесе де Алматы қаласын өте жақсы біледі екен. Өз басым қатты таң қалдым. Әсіресе,Арбатта жүріп қыдырғандарын айтады. Елімнің қай қаласы болсын ыстық қой!!!!
Сүйікті деп айталмаймывн, бірақ Атырауға барғым кеп жүр :)
Кейде ұялып қаламын, бірақ Шымкенттен Алматына жақсы көремін! Алматының ауа-райына, табиғатына, адамдарына, бәріне-бәріне ғашықпын)
Сүйем ғой Алматыны! Мен Алматыдан жырақта ұзақ жүре алмаймын, сағынам қатты!
Негізі, әрине, Қазақстанның бар қаласы, аудан-ауыл, аймақтары, бәрі қымбат маған!

Байтағымды шексіз жақсы көрем! Кееең ғой! «О шетін бұ шетінен айыра алмай, Құстар да бағытынан жаңылысқан» :!: :!: ( «Қазақия» әнінен үзінді )
Жер аман, ел тыныш болсыншы, бүкіл қалаларды бір көріп шығам... ( деп қиялдап қоям кейде )
Әлемнің кез келген қаласын Алматымен теңестіргім келмейді.
Алматыны жақсы көрем!!! Тауларын жақсы көрем! Ашуланғанда терезеден сол тауларға қарап тұрам. <3
Шымкентті онша ұнатпайтын ем бұрын көрмесем де) Былтыр барғаннан кейін ұнап қалды)
Алматы менің алғашқы махаббаттарымның бірі :lol: