Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Қазақтар Моңғолияға қай жылдары көшіп барды?

Қазақтар Моңғолияға қай жылдары көшіп барды?

Мой Казахстан

Қазақтар Моңғолияға қай жылдары көшіп барды?

Хабарлама Айтолқын » 20 наурыз 2018, 17:41

Біздің ұлттың өкілдері моңғол топырағына 1860 жылдан бастап қоныстана бастады. Қазақтар Моңғолияның батысына үдере көшуінің басты себебі Шыңжаңдағы мал өрісі тарылып, мал шарушылығына жайлы қоныстың жетіспеуі. Сонымен қатар, осы кезеңде Моңғолияның батысы шүршіттерден азат етіліп, иен дала қараусыз жатты. Орайлы сәтті оңтайлы пайдаланған аз ғана қазақ ауылы малын өргізіп моңғол жеріне кірді. Моңғолияға өткен қазақтардың басым көпшілігі – кезінде қазақ жерінен Қытайға көшкен қандастар. Сонымен, жайлы қоныс болған бұл топырақта қазақтың саны да, мал басы да көбейе бастады. 1931 жылдан бастап жергілікті қазақ азаматтары Моңғолияда ұлттық аймақ құру мәселесін алға тартып, билікке есепсіз өтініш-арыздар жолдай бастады. Моңғол елінің басшылығы бұл ұсынысты қуаттап, нәтижесінде 1940 жылдың 27 шілдесінде үкімет пен парламенттің біріккен 37 қаулысымен қазақ ұлттық аймағы құрылды. Моңғол тарихында өшпес із қалдырған әйгілі қолбасшы, маршал Х.Чойбалсан аймақ құрылар тұста пікір білдірген: «Қазақ халқын «бага ястан» – (ұсақ сүйектілер), «хасаг» деп кемсітуді тоқтату керек. Қазақ ұлтының моңғолдардан еш айырмашылығы жоқ. Қазақ халқы моңғол мемелекетінде өзінің ұлт тілінде мектебі, баспасөзі бар дербес бір аймағы бола алады».

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/ ... nda/51390/
Айтолқын
 
Хабарлама: 87
Тіркелді: 22 қараша 2017, 01:50

Оралу: Менің Қазақстаным

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1