Семейлік зейнеткер 8 Наурыз мерекесін 101-ші рет атап өтті

Семейлік қария Анна Солонская Халықаралық әйелдер мерекесін 101-ші рет атап өтті, - деп хабарлайды 24kz телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, әйел соңғы 10 жыл бойы қарттар үйінде тұрып жатыр. Қария бақытты әрі қызықты өмір сүйгенін айтады. Оны 8 Наурыз мерекесімен құттықтауға ауған шекарасының қорғаушылары арнайы келді.

"Ұлы Отан соғысы кезінде мен түзде жұмыс істедім. Соғыстан кейін зауытта жүк тасушы болдым. Ұзақ өмір сүрудің құпиясы еңбекқорлықта жатыр. Өмір сүресің, жұмыс істейсің, артық ештеңе керек емес", - деді Анна Солонская.



Ауған шекарасының қорғаушысы Есенғали Оразбаев өз кезегінде қарияны батырға теңеді. "Осынша жасқа келсе де, өзін жақсы сезінеді. Ол мемлекетімізге осындай қамқорлық үшін алғыс білдірді", - деді ол.