Бүгін Алматы метросы жолаушыларды тегін тасымалдайды

Тәуелсіздік мерекесіне орай бүгін Алматы метросы жолаушыларды тегін тасымалдайды. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"16 желтоқсан күні Алматы қонақтары мен тұрғындары метрода тегін жетон алып, керекті жерлеріне бара алады” - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, метро жолаушыларға таңғы 6:20-дан бастап, кешкі сағат 23:30-ға дейін қызмет көрсетеді.