Сауран қаласы. XIV ғасырда тұрғызылған медресе

Қай жылы, дәлірегі 2013 жылдың қазан айында Түркістандағы Күлтөбені, одан әрі Сауранды, мына берідегі Қараспан төбені археолог-ғалым Ерболат Смағұловпен бірге араладым. Журналист Ирина Притула да бар.

Сондағы Сауран қаласы ерекше әсер етті.
Сауранның қорғандарына шығып, бас қақпасынан көпір арқылы ішке еніп, бас қақпа мен орталық алаңды жалғайтын көшесімен жүре отырып, XIV ғасырда тұрғызылған медресеге жетіп, медресенің баспалдағын басып,одан қалса, мердересеге қарсы беттегі арканың астынан арлы-берлі өтіп, болмаған соң арканың астынан оның жақтауларына қол созып, фотоға түсіп, әй, бір, шарлаған едік. Бұл арканың кереметі сол, Қазақстан жеріндегі қирап қалмай, тұтастай сақталып, осы күнге жеткен жалғыз арка осы.
Медресенің баспалдағы демекші, бұл баспалдақ туралы Ерболат Смағұлов: «Иә, сіздер орта ғасырда тұрғызылған осындай оқу ордасының сол кездегі құрылысшылардың қолымен күйген кірпіштен қаланған баспалдақтарын басып тұрсыздар. Шәкірттердің табаны тигендіктен қырлы бұрыштары мүжілген. Біз абайлап аршып, сол күйінде қалдырдық», – деді.

Сауранның тағы бір кереметі сол, Сауранның мұнаралары тербелетін болған. Иә, иә, Байдулла хан медресесінің қос мұнарасы сіз бен біз көріп жүрген мұнараларға ұқсамайды екен. Тербелмелі мұнара. Тербелмелі мұнара деген тіркес түсініксіз болуы мүмкін. Бұл ғалымдар мен археологтарға да түсініксіз күйінде қалып отыр. Бірақ, ортағасырлық жазба деректерінде мұнараның теңселіп тұрғанын таңдана жазған сипаттамалар бар.
Мысалы, Зейнаддин Васифи өз еңбегінде, Сауранның сәулеттік құрылымдары туралы: "Сауран медресесінің тербеліп тұратын мұнараларын әлемнің кереметіне балауға болады" деп жазады.
Өкінішке қарай, сол тербелмелі қос мұнара бүгінгі күнге жетпеген.

Айнала қоршаған қорғанның енділігі соншалық, өткен ғасырдың 60-70 жылдарында қорған үстімен 2-3 салт атты қатар жүрген. Кейін айналадағы жұртшылық қорғанның кірпіштерін қиратып, алып кеткен, деседі.

Айтпақшы, Сауранда қарап жүрмей, ортағасырлық тиын тауып алдық. Дәлірегі, бізді көлікпен алып жүрген аға тапты Смайлик «smile»

"Сауран" сөзінің дыбысталуында адамды елең еткізетін күш бар, не құдірет екенін...